2024 жылғы жылдық есеп Қазіргі заманға арналған жаңа буын желісі

Клиенттерді алаяқтықтан қорғау

GRI 418-1

Бүгінгі күні телефон алаяқтығымен күрес бұрынғыдан да өзекті болып тұр. Компания алаяқтық белсенділікті анықтауға және шектеуге мүмкіндік беретін заманауи құралдар мен әдістерді енгізуге ерекше назар аударады, өз жұмысын күшейту үшін жаңа тәсілдер мен мүмкіндіктерді іздейді.

Осылайша, 2024 жылы жаңа Fraud Management System жүйесін іске қосу жүзеге асырылды, ол күдікті алаяқтық операцияларды анықтау және Компанияның ықтимал ысыраптарын болдырмау алгоритмдері мен жылдамдығын жетілдіруге мүмкіндік береді және басқа құралдар мен жүйелермен синергия есебінен осы жұмыстың тиімділігін арттырады.

Әлеуметтік инженерияға (алаяқтық қоңырауларға) қарсы іс-қимыл жасау үшін барлық бағыттарда – заңнамалық, ақпараттық, технологиялық деңгейлерде белсенді іс-қимыл жасалуда. Компания неғұрлым жедел және үйлесімді өзара іс-қимыл жасау үшін басқа ведомстволармен және ұйымдармен бірігеді.

Компания жедел ақпарат алмасу үшін «ҚР Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» акционерлік қоғамының Алаяқтық белгілері бар төлем транзакция­лары бойынша деректермен алмасу орталығының (Антифрод-орталық) интеграцияланған жүйесіне сәтті қосылды және осы бағытты одан әрі дамытуды жоспарлауда.

Сондай-ақ Прокуратура, «Қазақтелеком» АҚ және «Кселл» АҚ арасында құқыққа қарсы әрекеттердің, оның ішінде үшінші тұлғалардың алаяқтық қоңырауларды пайдалануымен байланысты ұрлықтың алдын алу, анықтау мен жолын кесу мақсаттарына қол жеткізу үшін адал ынтымақтастық және ақпарат алмасу туралы меморандумға қол қойылды.

Компанияның алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі қызметі Алматы қаласының Прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан алғыс хаттармен атап өтілді.