2024 жылғы жылдық есеп Қазіргі заманға арналған жаңа буын желісі

Жалпы ақпарат

GRI 2-1GRI 2-2

«Кселл» АҚ Қазақстандағы ең ірі телекоммуникациялық компаниялардың бірі, оның негізгі қызмет 

түрлері –­ ұялы байланыс қызметтерін, соның ішінде дауыстық байланысты, мобильді интернетке қол жеткізуді, заманауи цифрлық қызметтерді және қаржылық технологияларды ұсыну. «Кселл» АҚ ірі байланыс операторы – компанияның дауыс беретін акцияларының 51%-ы тиесілі «Қазақтелеком» АҚ-ның еншілес ұйымы.

Компания өз клиенттеріне келесі қызмет түрлерін ұсынады:

  • Мобильді дауыстық байланыс және қысқа мәтіндік хабарламалар (SMS) жеткізу қызметтері;
  • Деректерді беру және Интернет желісіне сымсыз қосылу қызметтері;
  • Қосымша қызмет көрсету түрлері (VAS), оның ішінде мобильді контентке қол жеткізу, экожүйе қызметтері және т.б.

«Кселл» АҚ абоненттік базасы 2024 жылдың соңында 7968 мың абонентті немесе Қазақстандағы ұялы байланыс абоненттерінің жалпы санының 30,2%-ын құрады.

Компания Kcell және activ брендтерімен қызмет көрсетеді, 2023 жылы Компания Kcell Auleti сауда белгісімен Интернет желісіне сымсыз қосылуды ұсына бастады.

Kcell-дің бәсекелестік артықшылықтарының бірі – негізі Kcell/activ мобильді қосымшасы болып табылатын дамыған цифрлық экожүйенің болуы. Қосымша клиенттерге өнімдер мен қызметтерді басқаруға ғана емес, сонымен қатар өздерінің онлайн дүкеніне және «виртуалды банкке» – виртуалды төлем карталарын жүргізуді, қаражатты депозиттерге орналастыруды және кредиттер беруді қамтитын OGO Finance қаржылық қызметтер желісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кселл компаниясының бір еншілес кәсіпорны – 100% қатысу үлесімен «KazNet Media (КазНет Медиа)» ЖШС бар, оның негізгі қызмет түрлері: интернет адрес­терінің ауқымды дерекқорларын жасау және қолдау мақсатында іздеу жүйелерін пайдаланатын веб-сайттарды басқару, интернетте порталдар ретінде жұмыс істейтін басқа веб-сайттарды басқару; телекоммуникация инфрақұрылымының операторлары арқылы интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ету; компьютерлік бағдарламалау, кеңестер беру және басқа ілеспе қыз­меттер; іздеу порталдарымен, деректерді өңдеумен және орналастырумен байланысты ақпараттық қызметтер жұмысы, сондай-ақ ақпаратты бастапқы қамтамасыз ету бойынша басқа да қызмет түрлері; веб-порталдар; жарнама/маркетингтік қызметтер; ақпараттық және кеңес беру қызметтері, оның ішінде интернетті пайдаланумен байланысты қызметтер, веб-сайттар мен веб-порталдар жасау, сондай-ақ заңнамалық актілермен және құрылтай шартымен тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлері.

2022 жылдың желтоқсан айында Компания Қазақстанда 5G желілерін пайдалану аукционында жеңіп, 2023 жылы Республикада бесінші буын байланыс стандартын орналастыруды бастады. 2024 жылдың соңында «Kceлл» еліміздің 20 қаласында 1470 5G станциясын орналастырып, миллионнан астам қазақстандыққа телекоммуникациялық қызметтер мен жаңа технологиялардағы қызметтерді ұсынды.

2024 жылы Fitch Ratings агенттігі Kcell кредиттік рейтингін тұрақты болжаммен «BB+» деңгейінде растады.