Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
GRI 205-1GRI 205-2GRI 205-3Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-рәсімдерді реттейтін келесі ішкі құжаттар енгізілген:
- «Самұрық-Қазына» АҚ тобының комплаенс-функциясы жөніндегі корпоративтік стандарт;
- «Кселл» АҚ-дағы Комплаенс-бақылау қызметі туралы ереже;
- Кселл» АҚ-ның Әдеп және тәртіп кодексі;
- «Кселл» АҚ-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты;
- «Кселл» АҚ-дағы мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі ереже;
- «Кселл» АҚ-ның қызметтік бұзушылықтар туралы хабардар ету нұсқаулығы.
2024 жылы ішкі құжаттарды өзектендіру шеңберінде комплаенс бөлігінде «Кселл» АҚ-ның қызметтік бұзушылықтар туралы хабардар ету нұсқаулығына Қоғам мен Қордың қолданыстағы ішкі құжаттарына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Болжамды бұзушылықтар туралы хабарлаған тұлғаларға қатысты Қоғамның кепілдіктері қосылды, жүйелендірілді және біріктірілді, олар:
- Қоғамдағы проблемалар туралы хабарлаған Жұмыскерлерге, іскерлік әріптестерге және басқа да мүдделі тұлғаларға толық құпиялылық;
- Қоғамдағы проблемалар туралы хабарлаған Жұмыскерге қатысты қудалаудың және/немесе кемсітушіліктің болмауы;
- заңсыз іс-әрекеттер фактілері немесе Қоғамдағы проблемалар туралы хабарлаған қызметкерлерді қудалау және/немесе кемсіту жағдайларын белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолдануға әкеп соғатын құбылыстар ретінде қарау;
- заңсыз іс-әрекеттер фактілерін растайтын дәлелдемелерді жасыруға тырысудан бас тарту;
- заңсыз іс-әрекет фактілерін растайтын дәлелдемелерді жойған немесе жасырған адамдарға қатысты тәртіптік жаза қолдану;
- белгілі бір жағдайларда жасырын өтінішті қарау уәкілетті тұлғаның хабарлаушы қызметкерден қосымша ақпарат, кері байланыс алмай мүмкін емес бола алады. Бұл ретте Қоғам құпиялылықтың барынша мүмкін болатын деңгейін қамтамасыз етеді;
- жұмыскер жауыз ниетпен немесе жеке пайда алу үшін көрінеу жалған немесе негізсіз ақпаратты хабарлай отырып, Қоғам тарапынан қорғауды талап ету мүмкіндігінен айырылады. Әрбір жұмыскер осы Нұсқаулықты бұзудың салдары туралы білуі тиіс.
Сондай-ақ, Нұсқаулыққа Қордың жедел желісінің өзекті нөмірлері қосылды.
Өтініштерді келесі байланыс арналары арқылы беруге болады:
- 8 800 080 4747 телефон нөмірі бойынша (ҚР аумағында қоңырау шалу тегін);
- mail@sk-hotline.kz электрондық поштасына;
- www.sk-hotline.kz интернет-порталы арқылы;
- +7 771 191 88 16 нөмірімен WhatsApp мессенджер арқылы.
«Кселл» АҚ-дағы Комплаенс бақылау қызметі туралы ережеге қосымшамен «Самұрық-Қазына» АҚ тобының Комплаенс функциясы жөніндегі корпоративтік стандартқа және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес әзірленген Жұмыскерлердің лауазымдық нұсқаулықтары қосылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы комплаенс қызметінің 2024 жылғы жұмысының негізгі бағыттары:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат;
- Қоғамдағы әдеп және тәртіп;
- Жауапты сатып алу;
- Адам құқықтары;
- Мүдделер қақтығысын басқару;
- Комплаенс-тәуекелдерді басқару саласындағы бақылау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттары мен рәсімдері «Кселл» АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатында бекітілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының мақсаты – атқаратын қызметіне қарамастан Компанияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық қызметке тартылу қаупін барынша азайту. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының мақсаттарына мыналар кіреді:
- Компанияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік түсінігін қалыптастыру;
- Компанияға және оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне қолданылуы мүмкін ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі талаптарын жалпылау және түсіндіру;
- Компанияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының қағидаттары мен талаптарын білу және сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша барабар рәсімдерді жүзеге асыру міндетін бекіту;
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын азайтуға және (немесе) жоюға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды әзірлеу және енгізу.
Компанияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл келесі негізгі қағидаттарға негізделген:
- Компания қызметінің заңдылығы;
- Компания қызметінің жариялылығы мен ашықтығы;
- қызметкерлер, серіктестер және клиенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жүргізу;
- мемлекеттік органдармен, сондай-ақ Компанияның серіктестерімен және клиенттерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ынтымақтастық;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Компанияның ішкі саясатын бұзу фактілері бойынша міндетті түрде қызметтік тексерулер жүргізу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының ережелеріне сәйкес Компания жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сәйкестендіреді және бағалайды, сондай-ақ оларды азайту бойынша шараларды әзірлейді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сәйкестендіру мен бағалаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтамау тәуекелдеріне ұшырайтын және Компанияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің жеке пайда алу мақсатында да, Компанияға пайда алу мақсатында да сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың жоғары ықтималдығы бар Компания қызметі мен бизнес-процестерінің түрлерін анықтау.
2024 жылы 6 бөлімше мен 14 бизнес-процеске қатысты 2023 жылғы кезеңдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша 9 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, 11 ұсыным әзірленді.
Талдау негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.
2024 жылғы қараша-желтоқсанда Қоғам тәуелсіз сертификаттық аудиторлық тексеруден өтті және оның нәтижелері бойынша ҚР СТ ISO 37001 талаптарына сәйкес келетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін енгізуді растады. 2024 жылғы желтоқсанда Қоғам ҚР СТ ISO 37001-2017 (ISO 37001:2016) мемлекеттік үлгідегі сәйкестік сертификатын алды. Комплаенс қызметі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін тікелей енгізуге жауапты болды.
Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша Қоғамда сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтың расталған жағдайлары тіркелмеген.
Қоғам тұрақты түрде қызметкерлерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тренингтер өткізеді. Барлық жаңа қызметкерлер «Кселл» АҚ Әдеп және тәртіп кодексі» және «Кселл» АҚ-дағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты» негізгі қағидаттары бойынша міндетті кіріспе онлайн-курстан өтеді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде Қоғам қызметкерлеріне арналған 9 тренинг өткізілді. Тренингтер бойынша 1812 қызметкер (83%) қамтылды, оның ішінде жоғары басшылықтың 28 қызметкері (6 басқарма мүшесі, СЕО-1, СЕО-2 деңгейіндегі 22 басшы, түрлі деңгейдегі 511 басшы қызметкерлер және 1273 маман).