Тәуекелдер картасы
Компания жыл сайын тәуекелдерді сәйкестендіруді жүзеге асырады, оның нәтижелері Директорлар кеңесі бекітетін Тәуекелдер тізілімінде және Тәуекелдер картасында көрсетіледі. Тәуекелдер тізілімі ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарға және Даму жоспарының негізгі қызмет көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдерді қамтиды.
2024 жылы Компанияның Тәуекелдер тізіліміне және Тәуекелдер картасына сәйкес 31 тәуекел –қауіпті «қызыл» аймақта – 1 тәуекел; жоғары «қызғылт сары» аймақта – 8 тәуекел; орташа «сары» аймақта – 17 тәуекел және төмен «жасыл» аймақта – 5 тәуекел бөлінді.
«Кселл» АҚ-ның 2024 жылғы тәуекелдер картасы