2024 жылғы жылдық есеп Қазіргі заманға арналған жаңа буын желісі

Компанияның 2025 жылға арналған басымдықтары

2025 жылы Компания түсімінің өсу факторлары FMC өнімдерін дамыту, роумингтік кірісті арттыру, B2B және VAS қызметтері бағытын кеңейту, сондай-ақ EdTech және IoT сияқты жаңа өнімдерді іске қосу болады.

Компания 2025 жылға арналған дамудың басым бағыттары ретінде инновациялық ұсыныстарды әзірлеуді, цифрландыру және жекелендіру арқылы қызмет көрсету сапасын арттыруды, сондай-ақ желі инфрақұрылымын кеңейтуді және жаңғыртуды ерекше бөліп атайды. Бұл бастамалар ұзақ мерзімді және тұрақты даму үшін негіз құратын нарықтағы бәсекеге қабілетті орынды нығайтуға және клиенттер үшін Kсell қызметтерінің тартымдылығын арттыруға бағытталған.