2024 жылғы жылдық есеп Қазіргі заманға арналған жаңа буын желісі

Кадр саясаты және еңбек қатынастары тәжірибесі

GRI 401-1GRI 402-1

«Кселл» АҚ кадр саясаты тиімді әрі табысты кәсіпқойлар командасын құруға және дамытуға бағытталған. «Кселл» АҚ ең ірі қазақстандық телекоммуникация компанияларының бірі ғана емес, сонымен қатар жас және тәжірибелі жұмыс іздеушілер үшін тартымды жұмыс беруші болып табылады.

Принципы кадровой политики АО «Кселл»

Қағидат

Қағидатты сипаттау

Меритократия қағидаты

Компанияда жұмыс істеу барысында өзін үздік деп танытқан және нәтижелерге жету қабілетін дәлелдеген қызметкерлердің мансаптық өсуі.

Жұмысқа тиімді қабылдау қағидаты

Жұмысқа қабылдау кезінде ең қабілетті үміткерлерді іріктеу кешенді тестілеу, үміткердің тәжірибесін толық зерделеу және кәсіби құзыреттілігін бағалаудың басқа әдістері арқылы жүзеге асырылады.

Human resources саласындағы стратегиялық жоспарлау

Кадр саясаты бизнестің ағымдағы және күтілетін қажеттіліктерін, сондай-ақ еңбек нарығында қалыптасатын жағдаятты ескереді.

Персоналдың кәсіби дамуына назар аудару

Персоналды оқыту «70:20:10» қағидатын ескере отырып жүзеге асырылады: қызметкерлер дамудың 70%-ын жұмыс процесіндегі нақты тәжірибеден, 20%-ын басқа адамдармен қарым-қатынастан және тек 10%-ын білім беру іс-шараларынан алады.

Кадрлар қызметінің және басқа бөлімшелердің бизнес-процестерін біріктіру

HR бөлімшесі нақты уақыт режимінде Компанияның бейінді бөлімшелерінің білікті қызметкерлерді қабылдау және қазір бар қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттыру қажеттілігін ескереді.

Компания қызметкерлермен қарым-қатынастарын қазақстандық еңбек заңнамасының нормаларына қатаң сәйкестікте құрастырады. Компанияда еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемшіліктеріне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланыс­ты немесе өзге де мән-жайлар бойынша кемсітуге жол берілмейді. Компания балалар еңбегін және мәжбүрлі еңбекті пайдалануға жол бермейді.

Компания Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген, еңбек қатынастарын реттейтін хабарламалар жіберу мерзімдерін сақтайды:

  • Қысқартуға байланысты еңбек шартын бұзу туралы, қызметкер және уәкілетті орган – кемінде бір ай бұрын;
  • Еңбек шарты мерзімінің аяқталуы туралы – соңғы жұмыс күні (ауысым) ішінде;
  • Қызметкердің сынақ мерзімінен өтпеуі туралы – сынақ мерзімінен өту кезеңінде;
  • Еңбек жағдайларының өзгеруі туралы – күнтізбелік 
  • 15 күн бұрын;
  • Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы – бес жұмыс күні ішінде.