2024 жылғы жылдық есеп Қазіргі заманға арналған жаңа буын желісі

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл

GRI 2-26GRI 2-29

«Кселл» АҚ барлық мүдделі тараптардың мүдделері мен үміттерінің маңыздылығын мойындайды және олармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға ұмтылады. Компанияның мүдделі тараптармен қарым-қатынастары ашықтық, сенім және өзара құрмет қағидаттарына негізделген. Компания мүдделі тараптардың сұрауларына жауап беру және жедел режимде кері байланысты қамтамасыз ету арқылы олардың мүдделерін қорғайды. Өзара іс-қимылдың негізгі арналары – корпоративтік есептілік, хат алмасу, Компанияның веб-сайты, форумдар мен әлеуметтік желілер, БАҚ-тағы жарияланымдар, Kcell/activ мобильді қосымшасы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жедел желі телефоны.

Мүдделі тараптар

Үміттер

Өзара іс-қимыл процесі

Клиенттер

Қолайлы бағамен сапалы қызмет көрсету, дербес деректерді қорғау

Маркетингтік зерттеулер жүргізу, кері байланыстың алуан түрлері

Жеткізушілер

Ұзақ мерзімді серіктестік қатынастарды сақтау, іскерлік әдепті ұстану

Сатып алуды ашық режимде жүргізу, іскерлік кездесулер мен кеңестер беру

Мемлекеттік органдар

Заңнаманы сақтау, бюджетке төленетін төлемдердің ұлғаюы, мемлекеттік даму бағдарламалары аясындағы тиімді іс-әрекет

Өтініштер, қадағалау органдарының тексерулері, кездесулер өткізу

Акционерлер мен инвесторлар

Компанияны дамыту, корпоративтік басқаруды дамыту, алға қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыру, табыстылық пен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету

Есептілікті дайындау және жариялау, кездесулер, бірлескен талқылаулар өткізу

Ұжым

Жақсы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбекақыны уақтылы төлеу, әлеуметтік пакет, мансаптық өсу мүмкіндіктері

Ішкі корпоративтік өзара іс-қимыл, жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, еңбек жағдайларын жақсарту

БАҚ, жұртшылық

Ақпаратты ашу, айқындық

БАҚ сауалдарына жауап беру, PR және маркетингтік іс-шараларды өткізу