2024 жылғы жылдық есеп Қазіргі заманға арналған жаңа буын желісі

Компанияның даму келешегін бағалау (SWOT-талдау)

GRI 2-6

SWOT-талдау – бұл компанияның даму келешегін көрнекі түрде бағалауға мүмкіндік беретін әмбебап стратегиялық жоспарлау құралы. SWOT-талдауды жүргізу кезінде ұйымға әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар анықталады, олар төрт топқа бөлінеді: күшті жақтар (Strengths), әлсіз жақтар (Weaknesses), мүмкіндіктер (Opportunities) және қауіптер (Threats).

«Кселл» АҚ-ның даму келешегін SWOT-талдауы

ішкі факторлар

Күшті жақтар (Strengths)
S
Күшті жақтар (Strengths)
  • Компания қазақстандық телекоммуникациялық қызметтер нарығындағы басым ойыншылардың бірі;
  • Компания 5G жиіліктеріне лицензияның иегері болып табылады, Қазақстанда 5G жаңа буын желілерін дамытады;
  • Клиентке бағытталған ритейл: Kcell дүкендерінің күрделі дизайны цифрлық платформалармен синхрондалады, бұл пайдаланушылардың жалпы қатысуын арттырады;
  • Озық технологиялар мен инновацияларды пайдалану ұсынылатын қызметтердің сенімділігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді;
  • Цифрлық шешімдерді дамыту (дата-орталықтар, бұлтты технологиялар, IoT, Big Data);
  • Компанияда корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелері енгізілген, өндірістік және бизнес-процестер жөнге салынған;
  • Саладағы көп жылдық табысты жұмыс тәжірибесі Компанияға мықты оң беделді қалыптастыруға мүмкіндік берді;
  • Персоналдың біліктілік деңгейі жоғары;
  • Кадр саясаты икемділігімен ерекшеленеді, қызметкерлер еңбегі үшін лайықты сыйақы алады;
  • Компанияда корпоративтік этика мәдениеті дамыған, қызметкерлерді оқыту жүйелі түрде жүргізіледі;
  • Компанияда ішкі бақылау мен аудиттің тиімді жүйесі бар;
  • Компанияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі нормативтік құжаттар енгізілген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі;
  • Компанияда Тәртіп кодексінің кез келген бұзушылықтары, соның ішінде сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіз мінез-құлық және басқа да бұзушылықтар туралы хабарлауға болатын жедел желі жұмыс істейді.
Әлсіз жақтар (Weaknesses)
W
Әлсіз жақтар (Weaknesses)
  • Телекоммуникация саласының қарқынды технологиялық дамуы жабдықтар мен бағдарламалық жасақтаманы жаңартуға үлкен көлемдегі инвестицияларды қажет етеді;
  • Бюрократиялық рәсімдердің күрделілігі;
  • Нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі тарифтік саясаттың икемділігін шектейді және пайданың төмендеуіне әкелуі мүмкін;
  • Барлық ықтимал тәуекелдердің алдын алудың мүмкін еместігі.

Сыртқы факторлар

Мүмкіндіктер (Opportunities)
O
Мүмкіндіктер (Opportunities)
  • Тарифтерді белгілеудің икемдірек тәсілі;
  • Клиенттерге ұсынылатын қызметтер тізбесін әртараптандыру;
  • Өндірістік процестерді жетілдіру және стандарттау бойынша алдағы шаралар;
  • Тиімді диалог құру арқылы тұтынушылармен тығызырақ байланыс орнату;
  • Технологиялық инновациялар және автоматтандыру, жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану.
Қауіптер (Threats)
T
Қауіптер (Threats)
  • Интернет-мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді пайдалануға көшу нәтижесінде көрсетілетін дауыстық ұялы байланыс қызметтері көлемінің төмендеуі;
  • Клиенттердің алдын ала төленген тарифтік жоспарлардан бас тартуы;
  • Заңнамалық өзгерістердің тарифтік саясатқа теріс әсері;
  • Жосықсыз жеткізушілер мен мердігерлердің шарттық міндеттемелерді бұзуы;
  • Саяси немесе экономикалық жағдайдың өзгеруі;
  • Технологиялық қауіптер және киберқауіптер.