Басқарма
GRI 2-9GRI 202-2GRI 405-1«Кселл» АҚ Басқармасы алқалы атқарушы орган болып табылады, оның міндеттеріне Компанияның күнделікті қызметіне басшылық ету кіреді. Сонымен қатар, Компания Басқарма Төрағасы ретінде әрекет етуші бас атқарушы директор өз мойнына алатын басшылық рөлдің қажеттілігін мойындайды.
Басқарма өз қызметінде заңдылық, адалдық, риясыздық, парасаттылық, жүйелілік, кәсібилік және әділдік қағидаттарын басшылыққа алады. Оның мүшелері акционерлердің мүдделерін толығымен сақтайды және Акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесіне толық есеп береді.
2024 жылы Басқарманың 83 отырысы өткізіліп, олардың шеңберінде 306 шешім қабылданды.
Басқарманың құрамы
2023 жылдың ішінде Басқарма құрамында келесі өзгерістер болды:
- 2024 жылғы 10 шілдеде «Кселл» АҚ корпоративтік мәселелер жөніндегі бас директоры, Басқарма мүшесі Уйсумбаев Азамат Даулетовичтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды;
- 2024 жылғы 15 шілдеде «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры, Басқарма төрағасы Узбеков Асхат Архатовичтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды;
- 2024 жылғы 5 тамызда «Кселл» АҚ бас қаржы директоры, Басқарма мүшесі Дамир Шамильевич Муллашевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды;
- 2024 жылғы 1 қазанда қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартының бұзылуына байланысты «Кселл» АҚ бас техникалық директоры, Басқарма мүшесі Кирилл Валерьевич Страшенконың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Компанияның Директорлар кеңесі келесі шешімдер қабылдады:
- Жамбакин Аскар Серикович 2024 жылғы 15 шілдеден бастап «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры, Басқарма төрағасы қызметіне сайлансын.
- Рахметов Сабигат Маратович 2024 жылғы 16 тамыздан бастап «Кселл» АҚ бас қаржы директоры, Басқарма мүшесі қызметіне сайлансын.
- Шайхин Даурен Мухамедкалиевич 2024 жылғы 12 тамыздан бастап «Кселл» АҚ корпоративтік мәселелер жөніндегі бас директоры, Басқарма мүшесі қызметіне сайлансын.
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Басқарма құрамына 6 мүше, оның ішінде 5 ер адам және 1 әйел кірген болатын.
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Басқарманың құрамы
|
Жамбакин Аскар Серикович |
Басқарма төрағасы, Бас атқарушы директор |
|
Рахметов Сабигат Маратович |
Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры |
|
Цой Ольга Вячеславовна |
Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық директор |
|
Шайхин Даурен Мухамедкалиевич |
Басқарма мүшесі, Корпоративтік мәселелер жөніндегі бас директор |
|
Ибраев Данияр Кадылханович |
Басқарма мүшесі, Қауіпсіздік жөніндегі бас директор |
|
Амардинов Малик Алимжанович |
Басқарма мүшесі, Цифрлық даму жөніндегі бас директор |
Басқарма мүшелерінің өмірбаяндары
Туған күні: 1985 жылдың 19 қазаны
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Компанияның акцияларын иелену: жоқ
Аскар Серикович «Кселл» АҚ Басқарма Төрағасы, бас атқарушы директоры лауазымына
2024 жылдың 15 шілдесінен бастап сайланды.
Алматы энергетика және байланыс институтының «Көпарналы телекоммуникация жүйелері» мамандығы бойынша түлегі, Манчестер университетінің «Менеджмент және ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистр дәрежесі және «Саид» бизнес мектебінің ұйымдастырушылық көшбасшылық дипломы бар.
Өзінің еңбек жолын «Эйр Қазақстан» әуе компаниясында байланыс технигі болып бастады, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-де (Tele2/Altel) инженер болып бірнеше жыл жұмыс істеді, «HSBC Банк Қазақстанда» жұмыс істеді, онда стратегиямен, бизнес-процестер трансформациясымен айналысты, ұқсас міндеттерді BI Group еншілес компаниясы – Beintech ЖШС-інде атқарды, «Qazkom» АҚ-да клиенттік тәжірибені дамыту департаментін басқарды, Қазақстан Даму Банкінде жұмыс істеді, түрлі басшылық қызметтерді атқарды, еліміздің Ұлттық банкінің төлем жүйелерін басқару және дамыту департаменті директорының орынбасары болды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі ретіндегі соңғы лауазымында мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясына, бизнес-процестер реинжинирингіне және деректерді басқаруға жауапты болды.
Туған күні: 1988 жылдың 2 желтоқсаны
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Компанияның акцияларын иелену: жоқ
Сабигат Маратович 2024 жылдың 16 тамызынан бастап Бас қаржы директоры болып сайланды.
Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (ҚМЭБИ) «Қаржы» мамандығы бойынша үздік бітірген.
Қаржы және инвестициялар, қосылу мен жұтылу, қаржылық-экономикалық талдау, мәмілелерді құрылымдау және активтер портфелін басқару, соның ішінде халықаралық портфелдік инвестицияларды басқару саласында 13 жылдан астам тәжірибесі бар.
Еңбек жолын 2011 жылы PricewaterhouseCoopers Tax & Advisory LLP (PWC) ЖШС-інде бастады. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да 6 жылдан астам жұмыс істеп, Инвестициялар және бизнесті қолдау департаментінің директоры қызметіне дейін көтерілді.
2022 жылдан бастап Kceлл-ге келгенге дейін Румыния, Бухарест, KazMunayGas International N.V., компаниясында инвестициялар және стратегия тобының директоры қызметін атқарды.
Туған күні: 1982 жылдың 26 қарашасы
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
ВКомпанияның акцияларын иелену: жоқ
Цой Ольга Вячеславовнаның жоғары білімі және іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі бар, КМЭБИ университеті. Жалпы жұмыс өтілі – 17 жыл коммерциялық секторда әртүрлі индустрияларда, оның 13 жылы басқарушылық лауазымдарда: FMCG және retail саласында 3 жыл, телекоммуникация саласында 8 жыл, консалтингтік бизнесте 3 жыл (FinTech және InsuranceTech) және 3 жыл банкте. 2023 жылдан бастап «Кселл» АҚ Бөлшек бизнес департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.
Туған күні: 1986 жылдың 31 шілдесі
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Компанияның акцияларын иелену: жоқ
Даурен Мухамедкалиевич 2016 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің магистратурасын бітіріп, Чикаго университеті жанындағы Booth School-де MBA дәрежесін алды.
Қаржы нарықтарының, корпоративтік қаржының, тәуекелдерді басқарудың, операциялар мен сатып алулардың әртүрлі салаларында 15 жылдық тәжірибесі бар. Өзінің еңбек жолы барысында корпоративтік стратегияларды сәтті әзірлеп, енгізді, пайданың өсуіне ықпал ете отырып, компаниялардың қаржылық портфелдерін жақсартты және операциялық процестерді оңтайландырды.
Даурен Мухамедкалиевич еңбек жолын 2008 жылы Eurasian Capital JSC компаниясында Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында жетекші брокер ретінде бастады. 2018 жылы «Кселл» АҚ қаржы директорының орынбасары қызметін атқарды. 2023 жылдан бастап «РҒБО» АҚ (Астана, Қазақстан) Басқарма төрағасының орынбасары жетекші лауазымын атқарды.
Туған күні: 1979 жылдың 14 шілдесі
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Компанияның акцияларын иелену: жоқ
Ибраев мырза 2022 жылдың 23 маусымынан бастап «Кселл» АҚ қауіпсіздік жөніндегі бас директоры және Басқарма мүшесі лауазымына тағайындалды.
Ибраев Данияр Қадылханұлы ҚР ҰҚК Әскери институтын (қазіргі уақытта – ҰҚК Шегара қызметінің академиясы) «Электр байланыс инженері» мамандығы бойынша 2000 жылы бітірген, одан соң 2007 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану бакалавры» біліктілігін алып, бітірген. 2020 жылдан бастап «Кселл» АҚ-да Стратегиялық даму департаментінің кеңесшісі және Қауіпсіздік департаментінің бас сарапшысы болып жұмыс істейді. 2017 жылдан бастап «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-да, алдыңғы жылдары мемлекеттік органдарда жұмыс істеді.
Туған күні: 1986 жылдың 2 қазаны
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Компанияның акцияларын иелену: жоқ
Амардинов мырза 2022 жылдың 15 қыркүйегінен бастап «Кселл» АҚ цифрлық даму жөніндегі бас директоры және Басқарма мүшесі лауазымына тағайындалды.
Амардинов Малик Алимжанович екі жоғары білімі бар. 2008 жылы «Алатау» Қазақстан университеті Банк ісі академиясының «Қаржы» факультетін, 2016 жылы Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ЕТжәнеБЖ факультетін бітірген. Жалпы жұмыс өтілі – 16 жыл АТ саласында, оның ішінде 12 жыл банк секторындағы басшы лауазымдарда. Соңғы атқарған қызметтері – Fortebank атқарушы директоры және бас АT сәулетшісі, мұнда ол барлық АТ әзірлемелерді сәтті басқарып, 10-нан астам жобалық топтарды үйлестірген.