2024 жылғы жылдық есеп Қазіргі заманға арналған жаңа буын желісі

Қызметкерлерді әлеуметтік қорғау

GRI 401-2GRI 401-3

Компания өз қызметкерлеріне тұрақты негізде көрсетілетін көмек түрлері мен жеңілдіктерді, қолайсыз жағдайлар туындаған кезде материалдық көмекті қамтитын кең әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етеді.

Көрсетілетін көмектің негізгі түрлері:

  • жұмыскердің немесе оның жақын туысының қайтыс болуына байланысты біржолғы материалдық көмек;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлерге біржолғы материалдық көмек;
  • мүгедектігі бар жұмыскерлерге біржолғы материалдық көмек;
  • Компанияның қайтыс болған жұмыскерлерінің кәмелетке толмаған балаларына материалдық көмек;
  • Компанияда 3 жылдан астам жұмыс істеген әйел жұмыс­керлерге жүктілігі және босануы бойынша демалысқа шығуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды шегере отырып, материалдық көмек төлеу қарастырылған.
«Кселл» АҚ қызметкерлерінің әлеуметтік пакетінің құрамы

Көмек түрі

Көмек көрсетілетін жағдайлар

Алу шарттары

Материалдық көмек

қайтыс болған жұмыскерлердің кәмелетке толмаған балаларына

сынақ мерзімінен өткеннен кейін

жақын туыстары қайтыс болған жағдайда

жұмыскер қайтыс болған жағдайда

мүгедек жұмыскерлерге

мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлерге

Еңбекке жарамсыздық парағы

жылына 10 жұмыс күні жалақының 80% мөлшерінде төленеді

 

Тасымалдау

сағат 23:00-ден 6:00-ге дейін ауысыммен жұмыс істейтін жұмыскерлерді тасымалдау

 

қала сыртында жұмыс істейтін жұмыскерлерді тасымалдау

Медициналық сақтандыру

жылына 220 000 теңгеден астам емес

сынақ мерзімінен өткеннен кейін

Ұялы байланыс

лауазымға және жобаларға қатысуға байланысты корпоративтік тарифтік жоспар немесе ұялы байланыс үшін өтемақы

 

Бензин

жеке көлігін жұмыс мақсатында пайдаланатын және жұмысы жүріп-тұру сипаттағы жұмыскерлер үшін бензин картасы

 

Такси

жеке көлігі жоқ және жұмысы жүріп-тұру сипаттағы жұмыскерлер үшін таксиге қосымша ақы

 

2024 жылы материалдық көмек төлемдерінің жиынтық сомасы 156 482 мың теңгені құрады, Компанияның 130 қызметкері материалдық көмек алды.

2024 жылғы материалдық көмек төлемдері

 

Сомасы, мың теңге

Көмек алған жұмыскерлер саны

Жақын туысының қайтыс болуына байланысты материалдық көмек

16 813

47

Мүгедектігі бар жұмыскерлерге материалдық көмек

26 344

21

Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлерге материалдық көмек

56 000

41

Емделуге байланысты материалдық көмек

29 730

2

Медициналық мекемеде емделуге және/немесе ота жасауға материалдық көмек

26 345

18

Күрделі жөндеу немесе тұрғын үйді толық қалпына келтіруге байланысты материалдық көмек

1 250

1

Барлығы

156 482 

130

Компанияда мүмкіндігі шектеулі 21 қызметкер және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 41 қызметкер жұмыс істейді. Жыл сайын аталған санаттардағы әрбір қызметкерге материалдық көмек көрсетіледі, оның мөлшері 2024 жылы 112 073 686 теңгені құрады (салық және басқа да міндетті төлемдерді қосқанда). Ана мен баланы қорғау мақсатында Компания ҚР міндетті әлеу­меттік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес, Компанияда 3 жылдан астам жұмыс істеген жұмыскерлерге декреттік төлемдер бойынша айырмасын төлейді (жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайда, әлеуметтік төлемнің сомасын шегеріп, орташа еңбекақысын сақтау). Жүктілігіне және босануына байланысты төлемдердің жиынтық сомасы 2024 жылы 11,3 млн теңгені құрады (2023 жылы – 15,8 млн, 2022 жылы – 13,1 млн).