2024 жылғы жылдық есеп Қазіргі заманға арналған жаңа буын желісі

Байланысты тараптармен мәмілелер

Есепті жылы Компания 13,9 млрд теңге сомаға байланысты тараптарға тауарлар мен қызметтерді сатты және 31,6 млрд теңге сомаға байланысты тараптардан тауарлар мен қызметтерді сатып алды. Компанияның байланысты тараптармен операциялары консультациялық қызметтердi, техникалық және операциялық қолдауды, байланыс арналарын жалға берудi, роуминг және трафиктi өзара өткiзу қызметтерiн қамтыды.

«Кселл» АҚ-ның 2024 жылғы байланысты тараптармен мәмілелері, млн теңге

 

Тауарлар мен қызметтерді сату

Тауарлар мен қызметтерді сатып алу

«Самұрық-Қазына» тобының ұйымдары

585

676

«Қазақтелеком» тобының ұйымдары

12 642

30 389

Мемлекеттік органдар

667

552

Барлығы

13 894

31 617