Салық салу
GRI 207-1GRI 207-2GRI 207-3«Кселл» АҚ өз қызметінде салық есебінің және есептілікті дайындаудың регламенттелген рәсімдерін ұстанады, салық есебі салық заңнамасының талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізіледі. Компания заңнаманың талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде барлық қажетті есептілікті ұсынуды қамтамасыз ете отырып, салық органдарымен ашық өзара іс-қимылға ұмтылады. Компания өз қызметін төмен салықтық юрисдикцияларда жүзеге асырмайды және агрессияшыл салықтық жоспарлау әдістерін қолданбайды.
«Кселл» АҚ төлеген салық төлемдерінің жиынтық сомасы 2023 жылы 116,4 млрд теңгені, 2024 жылы – 25 млрд теңгені құрады.
«Кселл» АҚ салық төлемдері, кезеңдегі млн теңге
|
Салық түрі |
2022 |
2023 |
2024 |
|---|---|---|---|
|
КТС |
12 901,20 |
13 852,40 |
5 600,00 |
|
ҚҚС |
13 224,60 |
13 240,80 |
10 116,00 |
|
ЖТС |
1 578,10 |
2 540,00 |
1 552,40 |
|
Әлеуметтік салық |
1 135,40 |
1 414,80 |
1 388,00 |
|
Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем |
1 636,90 |
80 455,10 |
3 027,90 |
|
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлем |
2 169,50 |
2 423,50 |
2 037,80 |
|
Басқа салықтар мен міндетті төлемдер |
2 001,90 |
2 486,00 |
1 305,20 |
|
Жиынтық салық төлемдері |
34 647,50 |
116 412,80 |
25 027,30 |