2024 жылғы жылдық есеп Қазіргі заманға арналған жаңа буын желісі

Қаржылық нәтижелер

Баланс құрылымы, кезеңнің соңына, млн теңге
Баланс құрылымы, кезеңнің соңына, млн теңге

Компания активтерінің баланстық құны 2024 жылы 8,5%-ға өсіп, 424,5 млрд теңгені құрады. Көрсеткіштің өсуі көбінесе негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің құнына байланысты болды.

Меншікті капитал 6%-ға өсті. Міндеттемелер көбінесе ұзақ мерзімді несиелер мен ұзақ мерзімді жалдау міндеттемелерінің ұлғаюы есебінен 10,5%-ға өсті.

Пайда көрсеткіштері, кезеңдегі млн теңге
Пайда көрсеткіштері, кезеңдегі млн теңге

Компанияның операциялық пайдасы өткен жылмен салыстырғанда 32,6%-ға азайды. Төмендеу, ең алдымен, біз желіні жаңғыртуға және 5G орналастыруға жұмсаған рекордтық күрделі шығындарға байланысты. Біз базалық станцияларды салуға және жаңартуға, сондай-ақ елеулі салымдарды қажет ететін жаңа технологияларды дамытуға белсенді инвестиция құйдық.

2024 жылғы негізгі қызметтен түсетін кірістер құрылымы
2024 жылғы негізгі қызметтен түсетін кірістер құрылымы

Компанияның негізгі қызметінен түскен кірістері 2023 жылмен салыстырғанда 6,1%-ға өсіп, 241,3 млрд теңгеге жетті. Негізгі қызметтен түсетін кіріс құрылымында дауыстық байланыс және деректер беру қызметтерінің үлестік салмағы 75,6% құрады, екінші маңызды кіріс бабы – мобильді құрылғылар мен жабдықтарды сату болды.

Негізгі қызметтен түсетін кірістер, кезеңдегі млн теңге
Негізгі қызметтен түсетін кірістер, кезеңдегі млн теңге

2023 жылмен салыстырғанда дауыстық байланыс және деректер беру қызметтерін көрсетуден түскен кірістер 1,8%-ға өсті, мобильді құрылғылар мен жабдықтарды сатудан түскен кірістер 9,4%-ға төмендеді.

2024 жылғы Компания шығындарының құрылымы
2024 жылғы Компания шығындарының құрылымы

Компанияның шығындар құрылымында ең көп үлесті жалпы шығындардың 78,3%-ын құрайтын сатудың өзіндік құны алады. Сондай-ақ қаржылық шығындар (9,4%), жалпы және әкімшілік шығындар (4,52%) маңызды баптар болып табылады. Шығындардың басқа түрлеріне жиынтық шығындардың шамамен 7,6% келеді.

Инвестициялар және күрделі салымдар, кезеңдегі млн теңге
Инвестициялар және күрделі салымдар, кезеңдегі млн теңге

Күрделі салымдар көлемі 2023 жылмен салыстырғанда азайып, 78,2 млрд теңгені құрады. Бұл ретте материалдық емес активтерге салымдар 15,7 млрд теңгені, негізгі құралдарға салымдар 62,4 млрд теңгені құрады.

Ақша ағындары, кезеңдегі млн теңге
Ақша ағындары, кезеңдегі млн теңге

Операциялық қызметтен түсетін ақша ағыны 2023 жылмен салыстырғанда 1,0 млрд теңгеге азайып, 79,2 млрд теңгені құрады. Бұл ретте таза ақша ағыны теріс болып қалды және «минус» 2,6 млрд теңгені құрады (2022 жылы – «минус» 34,3 млрд).

Инвестициялық қызметтен түсетін теріс ақша ағыны көбінесе материалдық емес активтерді сатып алуға жұмсалған шығындардың азаюы есебінен төмендеді.

Қаржылық қызметтен түсетін ақша ағыны несиелерді өтеуге жұмсалған шығыстардың айтарлықтай өсуіне байланысты теріс болып қалыптасты (2023 жылы «минус» 2,4 млрд теңгеден 30,7 млрд теңгеге дейін.

Табыстылық көрсеткіштері
Табыстылық көрсеткіштері

Сатудың өзіндік құнының және операциялық шығындардың өсуіне байланысты таза пайданың азаюы негізгі табыстылық көрсеткіштерінің төмендеуіне әкелді.

Активтердің табыстылығы 8,4%-дан 2,4%-ға, сатылымдар табыстылығы – 14,7%-дан 4,3%-ға, меншікті капиталдың табыстылығы – 19,2%-дан 5,6%-ға төмендеді. EBITDA бойынша табыстылық 41,8%-дан 38,2%-ға дейін төмендеді.