2024 жылғы жылдық есеп Қазіргі заманға арналған жаңа буын желісі

Комплаенс-бақылау

GRI 2-26

Комплаенс-бақылау қызметінің жұмысы бизнес-тә­уекелдердің алдын алуға, проблемалық мәселелерді шешуге, құқықтық және әдептік нормалардың сақталуын бақылауға бағытталған. Дүниежүзілік тәжірибенің аясында комплаенс жүйесінің бар болуы компанияның жауапты және ашық қызметінің көрсеткіші болып табылады.

Есепті жылы комплаенс-бақылау қызметі келесі іс-шаралар өткізді:

  • Бір көзден сатып алу бойынша контрагенттің сенімділігіне 160 комплаенс-тексеру жүргізілді. Комплаенс-тә­уекелдер анықталмады;
  • Ерекше тәртіппен сатып алу бойынша контрагенттің сенімділігіне 17 комплаенс-тексеру жүргізілді. Комп­лаенс-тәуекелдер анықталмады;
  • МҚС өнімдерін/сервистерін іске қосу шеңберінде әлеуетті серіктестерді контрагенттің сенімділігіне 
  • 15 комплаенс-тексеру жүргізілді. Комплаенс-тәуекелдер анықталмады;
  • Үлестестік пен мүдделер қақтығысының болуы/болмауы тұрғысынан СЕО-1 және СЕО-2 деңгейіндегі бос лауазымдарға 19 үміткерге тексеру жүргізілді;
  • Ай сайын Ресей Федерациясының контрагенттерінің халықаралық санкциялық тізімдерде болуына тексеру мен мониторинг жүргізіледі. 61 контрагент тексерілді;
  • Қаралған материалдар бойынша, оның ішінде Басқарма мен Директорлар кеңесінің қарауына шығарылатын материалдар бойынша қорытындылар берілді;
  • Комплаенс қызметінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының «Кселл» АҚ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау, әдеп қағидалары мен парасаттылық қағидаттары» тармағын орындау аясында Forms.Office платформасы арқылы «Кселл» АҚ қызметкерлерін комплаенс-рәсімдерді сақтау мәселелері бойынша жасырын сауалдау» сауалнамасы жүргізілді.

«Кселл» АҚ акцияларының бақылау пакетінің ақырғы иесі болып табылатын «Самұрық-Қазына» АҚ-да жедел желі жұмыс істейді, ол арқылы кез келген тұлға «Самұрық-Қазына» АҚ және оның еншілес ұйымдарында заңнаманың бұзылу фактілері туралы хабарлай алады. Жедел желі құпиялылыққа және жасырын болуға (жүгінген адамның қалауы бойынша), сондай-ақ кейіннен жауапты тұлғалардың қарауына жіберілетін барлық өтініштерді тіркеуге және өңдеуге кепілдік береді. Компанияның ішкі және корпоративтік сайттарында «Самұрық-Қазына» АҚ мен Комплаенс қызметінің жедел желісінің байланыстары орналастырылған, олар бойынша кез келген еңбек, сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтары туралы хабарлауға болады.

Әдепсіз немесе заңсыз мінез-құлық фактілері туралы хабарламаларды қабылдау және өңдеу рәсімдері «Кселл» АҚ-ның Қызметтік бұзушылықтар туралы хабарлама жөніндегі нұсқаулығымен реттеледі, оған сәйкес Компания Компаниядағы елеулі проблемалар туралы хабарлаған қызметкерлерге, іскерлік серіктес­терге және басқа да мүдделі тұлғаларға толық құпия­лылыққа, сондай-ақ жүгінген адамдарды қудалаудан және/немесе кемсітушіліктен қорғауға кепілдік береді.

2024 жылы жедел желіге 15 өтініш келіп түсті (6-ы расталды).

Өтініштердің негізгі тақырыптары:

  • сатып алу рәсімдерін бұзу;
  • корпоративтік әдепті бұзу;
  • лауазымдық міндеттерді теріс пайдалану;
  • қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылуы.

Комплаенс қызметінде тіркелген әрбір өтініш фактісі Директорлар кеңесіне баяндама жасау үшін тоқсандық есепте көрсетіледі. 2024 жылы күрделі проблемалар туындаған жоқ.