Акционерлердің құқықтары
2019 жылғы 29 мамырда Акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген «Кселл» АҚ Жарғысында (бұдан
әрі – Жарғы) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген акционерлердің құқықтары толығымен бекітілген. Атап айтқанда, акционердің келесідей құқықтары бар:
- қолданастағы заңнамада және (немесе) Жарғыда белгіленген тәртіппен Компанияны басқаруға қатысуға;
- дауыс беретін акциялардың бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен бірлесіп иеленген кезде Директорлар кеңесіне Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізуді ұсынуға;
- дивидендтер алуға;
- Акционерлердің жалпы жиналысында немесе Жарғыда айқындалған тәртіппен Компанияның қызметі туралы ақпарат алуға, соның ішінде оның қаржылық есептілігімен танысуға;
- орталық депозитарийден немесе номиналды ұстаушыдан өзінің бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын үзінді көшiрмелер алуға;
- Компания акционерлерінің жалпы жиналысына қоғамның директорлар кеңесіне сайлау үшін үміткерлерді ұсынуға;
- Компанияның органдары қабылдаған шешімдерді сот тәртібімен даулауға;
- Компанияның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызына дербес немесе басқа акционерлермен бірлесіп иеленген кезде, заңнамада көзделген жағдайларда Компанияның лауазымды тұлғаларынан Компанияға келтірілген залалдарды өтеу туралы және Компанияның лауазымды тұлғаларының және (немесе) олардың үлестес тұлғаларының ірі мәмілелер және (немесе) мүддесі бар мәмілелерді жасау туралы шешімдер (жасау туралы ұсыныстар) қабылдау нәтижесінде алған пайдасын (кірісін) Компанияға қайтаруы туралы талаппен өз атынан сот органдарына жүгінуге;
- Компанияға оның қызметі туралы жазбаша сауалдармен жүгінуге және олар Компанияға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде дәлелді жауаптар алуға;
- Компания таратылған кезде мүліктің бір бөлігін алуға;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен Компанияның акцияларын немесе оның акцияларына айырбасталатын өзге де бағалы қағаздарын артықшылықпен сатып алуға;
- заңнамада белгіленген тәртіппен Акционерлердің жалпы жиналысының Компания акцияларының санын өзгерту немесе олардың түрін өзгерту туралы шешім қабылдауына қатысуға;
- «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Жарғыға сәйкес қосымша құқықтарға ие болуға.
Дауыс беретін акциялардың 10%-ы және одан да көп пайызын иеленетін ірі акционер немесе дауыс беретін акциялардың жалпы санының 10%-ы және одан да көп пайызын иеленетін және олардың арасында жасалған келісім негізінде әрекет ететін бірнеше акционер құқылы:
- Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуге немесе Директорлар кеңесі оны шақырудан бас тартқан жағдайда сотқа талаппен жүгінуге;
- Директорлар кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге;
- акционердің қаражаты есебінен аудиторлық ұйымның Компанияға аудит жүргізуін талап етуге.
Компанияның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен бірлесіп иеленетін акционерлер Қоғамның Директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының жеке мүшесіне жыл қорытындысы бойынша берілетін сыйақы мөлшері туралы ақпаратты келесі шарттар бір уақытта бар болған жағдайда алуға құқылы:
- егер сот Қоғамның Директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының осы мүшесінің оның (олардың) немесе оның үлестес тұлғаларының пайда (кіріс) алу мақсатында қоғамның акционерлерін қасақана жаңылыстыру фактісін анықтаса;
- Қоғамның Директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының осы мүшесінің адал емес әрекеттері және (немесе) әрекетсіздігі Компанияға залал келтіруге әкелгені дәлелденсе.