2024 жылғы жылдық есеп Қазіргі заманға арналған жаңа буын желісі

Заңнама талаптарын сақтау

GRI 2-27

Есепті кезеңде «Кселл» АҚ-на қатысты екі монополияға қарсы тергеп-тексеру жүргізілді:

  1. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қ., бойынша департаментінің 2022 жылғы 15 маусымдағы №42-НҚ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-б. 1-бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылық белгілері бойынша «Кселл» АҚ-на қатысты тергеп-тексеру басталды. Тергеп-тексеру мәні – «Кселл» АҚ-ның монополиялық жоғары бағаны қолдауда көрсетілген бұзушылықты жасауын растайтын немесе жоққа шығаратын нақты деректерді анықтау.
  2. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қ., бойынша департаментінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 38-НҚ бұйрығына сәйкес 2023 жылдың мамыр-шілде айларында байланыс қызметтеріне бағаларды белгілеу және қолдау бойынша бәсекелестермен келісілген әрекеттердің ықтимал факті бойынша «Кселл» АҚ-на қатысты тергеп-тексеру басталды.

Аталған бұзушылықтар тергеп-тексеру нәтижесінде анықталған жағдайда, «Кселл» АҚ Қазақстан Респуб­ликасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-б. 3-бөлігінде қарастырылған монополистiк қыз­меттi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық кіріс тәркiлене отырып, монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің 5% мөлшерiнде айып­пұл түріндегі жауапкершілікке әкеп соғатын әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.