2024 жылғы жылдық есеп Қазіргі заманға арналған жаңа буын желісі

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат

GRI 307-1

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) индустриясының бір бөлігі ретінде Компания тұтынушыларға қоршаған ортаға теріс әсерін барынша азайтуға, олардың қызметінің тиімділігін арттыруға және шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін қызметтерді көрсету арқылы тұрақты қоғамның дамуына үлес қосады. Біз қоршаған ортаға әсер ету көрсеткіштерін жақсартуға ұмтылып, ресурстарды тиімді пайдалануды және шығындарды азайтуды қамтамасыз етіп, клиенттеріміз бен қоғам үшін құндылық жасаймыз. Біздің қыз­метіміздің негізгі экологиялық аспектілері: энергияны пайдалану, атмосфераға парниктік газдардың шығарындыларын және қалдықтарды азайтуға ұмтылу.

Қоршаған ортаны қорғау саласында Компания келесі қағидаттарды басшылыққа алады:

  • Біз қоршаған ортаға әсер етуді басқару және ресурстарды тиімді пайдалану мәселелеріне, соның ішінде тәуекелдерді бағалауға дәйекті және құрылымдалған тәсілді қолданамыз.
  • Біз барлық бөлімшелерімізде және өндірістік-өткізу тізбегінің барлық кезеңдерінде қоршаған ортаға әсерімізді басқару мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға ұмтыламыз.
  • Біз барлық бөлімшелерімізде және өндірістік-өткізу тізбегінің барлық кезеңдерінде экологиялық таза технологиялар мен қызметтерді дамытуға, пайдалануға және жылжытуға ұмтыламыз.
  • Біз өз қызметіміздің экологиялық көрсеткіштерін үнемі өлшеп, бақылап отырамыз және тиісті ақпаратты ашық, сенімді және уақтылы түрде береміз.

Компания Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық көзделген талаптарын орындайды. Біз қоршаған ортаға келетін зиянды азайту және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану арқылы тұрақты дамуға қол жеткізуге ұмтыламыз. Қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайту мақсатында Компания автономды жүйелерді жаңғыртуға инвестиция салады және оларды отынның неғұрлым экологиялық таза түрлеріне (электр энергиясы) ауыстырады, базалық станциялар мен жабдықтарды орнату кезінде Қазақстан Респуб­ликасы заңнамасының талаптарын сақтайды, жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде қоршаған ортаға қауіпсіз материалдар мен технологияларды пайдалануға тырысады. Біз сонымен қатар еркін, ерікті табиғатты қорғау акциялары мен іс-шаралары ұйымдастырамыз. Компанияда ISO 14001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесі енгізілген.