Тәуекелдерді басқару жүйесі
Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі (ТБКЖ) «Кселл» АҚ қызметінің біріктірілген құрамдас бөлігі болып табылады, ол барлық маңызды тәуекелдерді сәйкестендіруге, бағалауға және бақылауға, сондай-ақ олардың деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылдауға бағытталған.
«Кселл» АҚ-да қазіргі тәуекелдерді басқару үлгісі COSO ERM және ISO 31000 тәуекел-менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттарына сәйкес құрастырылған.
Осы бағыттағы жұмыс «Кселл» АҚ Тәуекелдерді басқару саясатына негізделеді, ол тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің мақсаттарын, міндеттері мен пайымын көрсетеді, тәуекелдерді басқару процесінің негізгі қағидаттарын, тәуекелдерді басқару құрылымын, ТБКЖ-нің негізгі компоненттерін айқындайды, сондай-ақ тәуекелдерді басқару процесін жүзеге асыру кезінде жүйелі және дәйекті тәсілді қамтамасыз етеді.
Қоғамның Директорлар кеңесі акционерлер алдында тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша тәуекелдердің құрылымы үшін жалпы жауаптылықта болады. Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі келесі мақсаттарға қол жеткізуге ақылға қонымды сенімділікті қамтамасыз етуге арналған:
- стратегиялық мақсаттар;
- операциялық мақсаттар;
- сенімді есептілікті дайындау саласындағы мақсаттар;
- қолданыстағы заңнама мен ішкі талаптарды саласындағы мақсаттар.
ТБКЖ тиімді жұмыс істеуі үшін Компания өз қызметінің барлық деңгейлерінде бизнестің өмірлік цикліне сәйкес келетін келесі өзара байланысты компоненттерді басшылыққа алады:
- басқару және мәдениет;
- стратегия мен мақсаттар қою;
- қызмет тиімділігі;
- өзгерістерді бақылау және енгізу;
- ақпарат, байланыс және есептілік.
ТБКЖ ұйымдық құрылымы көп деңгейлі және тәуекелдерді басқару процесінің келесі қатысушыларын қамтиды:
- Директорлар кеңесі;
- Директорлар кеңесінің Ішкі аудит мәселелері жөніндегі комитеті;
- Ішкі аудит қызметі;
- Басқарма;
- Тәуекелдерді басқару жөніндегі комитет;
- Қоғамның тәуекел-бөлімшесі;
- Қоғамның құрылымдық бөлімшелері, қызметкерлері және тәуекелді үйлестірушілер.