Ақпараттық қауіпсіздік және клиенттердің құпия деректерін қорғау
Абоненттердің дербес деректерін қорғау біздің Компания қызметінің маңызды саласы болып табылады, өйткені цифрлық дәуірде жеке ақпарат қаскүнем адамдар тарапынан көбірек сұранысқа ие болуда. Абоненттер туралы ақпараттың жайылып кетуі өте қауіпті және алаяқтық пен киберқылмыстың басқа түрлеріне әкелуі мүмкін.
Біз қауіпсіздік шараларын жүйелі түрде қолданамыз және тиімділігіне сенімді болу үшін оларды жаңартып тұрамыз. Компания өз қызметкерлеріне ақпаратқа қол жеткізудің ең төменгі деңгейін қамтамасыз етуге тырысады, сонымен қатар дербес деректерді қорғау үшін әртүрлі технологияларды, соның ішінде қауіпсіз желілік хаттамаларды және ақпараттың жайылып кетуінен қорғау бағдарламаларын пайдаланады, аудиттер мен қызметкерлерді оқытуды жүргізеді.
Компания ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға үлкен көңіл бөледі және штатында киберқауіпсіздік сертификаттары (CEH, CHFI, GIAG Reverse Engineering Malware, OSCP, OSWE) бар білікті қызметкерлерді ұстайды. Мұның бәрі дербес деректерді қорғаудың сенімді деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сонымен қатар күрделі кибершабуылдарды тойтару үшін жағдай жасайды.
Біліктілік пен дағдыларды ұдайы арттыру «Кселл» АҚ ақпараттық қауіпсіздік командасына Қазақстанның АҚЖО арасында МТҚ өткізген АҚҰҮО кибержаттығуларында Blue және Red Team бойынша 1-ші орындарды иеленуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, Digital Rights Center Qazaqstan тәуелсіз сарапшылары «Кселл» АҚ-ны цифрлық құқықтарды сақтау жөніндегі 2024 Telecom секторындағы үздік компания ретінде таныды. Компания қызметкері 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ТОП-10 багхантерлерінің рейтингіне енді.
Кибершабуылдардың өзекті қауіп-қатерлері мен белгілерін анықтау үшін инфрақұрылымдағы ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына тәулік бойы мониторинг жүргізіледі, оқыс оқиғаларға ден қою және оларды болдырмаудың проактивті шаралары қабылданады, сондай-ақ осы бағыт әрі қарай жетілдірілуде.