2024 жылғы жылдық есеп Қазіргі заманға арналған жаңа буын желісі

Персоналдың құрамы

GRI 2-7GRI 401-1
Жылдың соңындағы қызметкерлердің тізімдік саны, жыл соңына
Жылдың соңындағы қызметкерлердің тізімдік саны, <span>жыл соңына</sapn>

2024 жылдың соңында Компания штатында 2385 қыз­меткер, оның ішінде 2243 тұрақты және 142 уақытша жұмыскер болды. Компаниядағы жұмыспен қамту деңгейі тұрақты болып қалады және бизнестің стратегия­лық қажеттіліктеріне сәйкес келеді.

Персоналдың басым бөлігін тұрақты қызметкерлер құрайды, бұл адам капиталын дамытуға ұзақ мерзімді бағдарлануды көрсетеді.

Уақытша жұмыскерлер көбінесе әлеуметтік демалыс­тағы (декреттік демалыс, бала күтімі және т.б.) қызметкерлерді ауыстыру үшін пайдаланылады, бұл персонал санының шамадан тыс өсірмей, операциялық қызметтің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді.

Жынысы бойынша персоналдың құрылымы
Жынысы бойынша персоналдың құрылымы

Компания персонал құрамын қалыптастырған кезде гендерлік теңдік пен инклюзивтілік қағидаттарына тұрақты түрде берілгендігін көрсетеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша штаттағы әйелдердің үлесі 49,4% (1177 қызметкер), ерлердің үлесі – 50,6% (1208 қызметкер) құрады).

Мұндай арақатынас ұжымдағы жыныстардың тең дерлік бөлінуін көрсетеді, бұл корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелеріне және тұрақты даму стандарттарына сәйкес келеді. Гендерлік тепе-теңдікті сақтау қолайлы және әділ жұмыс ортасын құруға көмектеседі, корпоративтік мәдениетті нығайтады және командалық жұмыстың тиімділігін арттырады.


Кадрлардың тұрақтамауы
Кадрлардың тұрақтамауы

2024 жылы 938 қызметкермен еңбек шарты бұзылды; 886 жұмыскер жұмысқа қайта алынды. Кадрлар тұрақтамауы деңгейі коэффициенті 39%-ды құрады.

Жас шамасы бойынша персоналдың құрылымы
Жас шамасы бойынша персоналдың құрылымы

2024 жылдың соңындағы жағдай бойынша Компанияда 30 жастан кіші 765 қызметкер, 30 және 50 жас аралығындағы 1474 қызметкер және 50 жастан үлкен 146 қызметкер жұмыс істеді. Бұл ретте үлкен жас шамасы тобындағы қызметкерлердің саны жыл бойы өзгермей тұрған.