Корпоративтік басқару жүйесі
Компанияның корпоративтік басқару құрылымы, қағидаттары мен рәсімдері 2021 жылғы 24 мамырда Компания акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген «Кселл» АҚ Корпоративтік басқару кодексінде (КБК) бекітілген. Кодексті қабылдаудың мақсаты – Компанияның корпоративтік басқаруын жетілдіру және жүйелендіру, оны басқаруда неғұрлым ашықтықты қамтамасыз ету және Компанияның тиісті корпоративтік басқару стандарттарына бейімділігін растау.
КБК ережелеріне сәйкес корпоративтік басқару деп Компанияның қызметін басқару мен бақылауды қамтамасыз ететін және акционерлер, Директорлар кеңесі, Басқарма, Компанияның басқа органдары мен мүдделі тараптар арасындағы қарым-қатынасты қамтитын процестер жиынтығы түсініледі. Компания корпоративтік басқаруды Қоғам қызметінің тиімділігін арттыру, оның беделін нығайту және капиталды тарту кезінде шығындарды азайту құралы ретінде қарастырады.
«Кселл» АҚ-ның корпоративтік басқару қағидаттары
|
Акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау |
Корпоративтік басқару акционерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және құрметтеу қағидатына негізделеді, Қоғамның тиімді жұмыс істеуіне, оның ішінде оның активтерінің өсуіне, қаржылық тұрақтылық пен табыстылықтың сақталуына ықпал етеді. |
|---|---|
|
Директорлар кеңесі мен Басқарманың Компанияны тиімді басқаруы |
Директорлар кеңесінің қызметі акционерлердің мүдделерін барынша сақтау және жүзеге асыру қағидаттарына негізделген және Қоғамның нарықтық құнын арттыруға бағытталған. Заңдылық, адалдық, риясыздық, парасаттылық, жүйелілік, кәсібилік, әділдік Басқарма қызметінің қағидаттары болып табылады. |
|
Компанияның қызметі туралы ақпаратты ашудағы ашықтық пен әділдік |
Қоғам акционерлерге және басқа да мүдделі тұлғаларға сенімді ақпаратты, оның ішінде өзінің қаржылық жағдайы, экономикалық көрсеткіштері, тиімділігі, меншік құрылымы мен басқару жүйесі туралы ақпаратты уақтылы және дұрыс ашу арқылы барынша ашықтықты қамтамасыз етуге тырысады. |
|
Заңдылық және әдеп |
Қоғам заңнамаға және жалпы қабылданған іскерлік әдеп стандарттарына, ішкі нормативтік құжаттарға және шарттық міндеттемелерге қатаң сәйкес жұмыс істейді. |
|
Тиімді дивидендтер саясаты |
Қоғам дивидендтер төлеуді өзінің дивидендтік саясатына, заңнамаға, Жарғысына және Акционерлердің жалпы жиналысының тиісті шешімдеріне сәйкес жүзеге асырады. Дивидендтерді бөлу туралы шешім қабылдау кезінде оларды төлеу заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. |
|
Тиімді кадр саясаты |
Қоғам заңнамаға және «Кселл» АҚ Әдеп және тәртіп кодексіне сәйкес өз қызметкерлерінің құқықтарына кепілдік береді. Қоғам әлеуметтік мәселелерді шешу және еңбек жағдайларын реттеу үшін персоналмен серіктестік қатынастарды дамытады. |
|
Тұрақты даму |
Елдегі экономикаға, қоршаған ортаға және әлеуметтік дамуға тигізетін әсерінің маңыздылығын түсіне отырып, Компания ұзақ мерзімді келешектегі өзінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, сонымен қатар акционерлердің мүдделерін теңестіруге және болашақта өзінің көрсеткіштерін жақсартуға ұмтылады. |
|
Корпоративтік жанжалдар мен мүдделер қақтығысын реттеу |
Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелері қатардағы қызметкерлермен бірлесе отырып, өздерінің кәсіби міндеттерін орындауға адал және парасаттылықпен қарайды, Қоғам мен оның акционерлерінің мүдделері үшін әрекет ете отырып және сонымен бірге мүдделер қақтығысын болдырмай, тиісті дәрежеде қамқорлық пен абайлаушылық танытады. Қоғамның лауазымды тұлғалары орын алған кез келген мүдделер қақтығысы туралы Корпоративтік хатшыға дереу хабарлайды. |