2024 жылғы жылдық есеп Қазіргі заманға арналған жаңа буын желісі

БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге Компанияның қосқан үлесі

GRI 2-24

«Кселл» АҚ 2015 жылғы 15 қыркүйектегі 70/1 «Біздің әлемді өзгерту: 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібі» БҰҰ Бас ассамблеясының қарарында бекітілген тұрақты даму саласындағы БҰҰ Жаһандық күн тәртібінің мақсаттары мен міндеттерін толық көлемде бөліседі. Компания БҰҰ Жаһандық күн тәртібінің тұрақты даму саласындағы барлық 17 мақсатының маңыздылығын мойындайды және оларға қол жеткізуге өз үлесін қосуға тырысады. Компанияның операциялық бейінін және оның бизнес-үлгісін ескере отырып, ол өзінің негізгі қызметі шеңберінде тікелей үлес қосатын, алдына қойылған 17 мақсаттың 9-ы неғұрлым ол үшін ең өзекті болып табылады.

Басым ТДМ-ді «Кселл» АҚ-ның ESG-стратегиясына интеграциялау тұрақты бизнес-үлгі шеңберінде күш-жігер мен даму бағыттарын біріктіре отырып, стратегия­лық түрткі болып табылады. Экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелердің кең ауқымын қамти отырып, ТДМ тәуекелдерді барынша азайтуға ықпал ете отырып, Компанияның тұрақты дамуына қол жеткізуге кешенді тәсілді қамтамасыз етеді. Бұл тәсіл тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қолғабыс етіп қана қоймай, Компанияның жалпы тиімділігін арттыруға да жәрдемдеседі. ESG-стратегиясын БҰҰ ТДМ-мен келісу «Кселл» АҚ-ның ұзақ мерзімді келешектегі бәсекелес­тік артықшылығын қамтамасыз ете отырып, мүдделі тараптардың қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Нысаналы ESG іс-шаралары

Kcell мүдделі тараптары

Kcell

БҰҰ ТДМ

Іс-шаралар саны

Клиенттер

Құпиялылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі

Сапалы қызметтер көрсету

№ 11 – Тұрақты қалалар мен елді мекендер

№ 3 – Жақсы денсаулық және аман-­есендік

№ 10 – Теңсіздікті азайту

> 200

ESG іс-шаралары

Қызметкерлер

Әділ еңбек ақысын төлеу

Еңбекті қорғау

Жеке әлеуетті жүзеге асыруға жағдай жасау, қатыстырысуды арттыру

№ 8 – Лайықты жұмыс және экономикалық өсу

№ 10 – Теңсіздікті азайту

№ 13 – Климаттың өзгеруімен күресу

№ 5 – Гендерлік теңдік

Акционерлер

Экономикалық және қаржылық көрсеткіштер

Корпоративтік басқарудың үздік іс-тәжірибелеріне берілгендік

Тұрақты даму

№ 8 – Лайықты жұмыс және экономикалық өсу

№ 9 – Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым

№ 13 – Климаттың өзгеруімен күресу

Серіктестер

Барлық міндеттемелерді орындау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Айқындық

№ 11 – Тұрақты қалалар мен елді мекендер

№ 3 – Жақсы денсаулық және аман-­есендік

№ 17 – Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік

Мемлекет

Цифрлық экономиканы дамытуға жәрдемдесу

Телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесу

Қайырымдылық және демеушілік

Тұрақты даму

№ 9 – Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым

№ 13 – Климаттың өзгеруімен күресу

№ 15 – Құрлықтың экожүйелерін сақтау

№ 11 – Тұрақты қалалар мен елді мекендер

Қоғам

Жанама экономикалық әсер

Әлеуметтік инвестициялар арқылы өмір сүру сапасын арттыру

Жаңа технологияларға қолжетімділікті кеңейту

№ 8 – Лайықты жұмыс және экономикалық өсу

№ 10 – Теңсіздікті азайту

№ 3 – Жақсы денсаулық және аман-­есендік

№ 9 – Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым