2024 жылғы жылдық есеп Қазіргі заманға арналған жаңа буын желісі

Қалдықтарды басқару

GRI 306-1GRI 306-2GRI 306-3GRI 306-4

Компанияның қызметі барысында негізінен есептен шығарылған жабдықтар түріндегі қалдықтар мен тұрмыстық қалдықтар пайда болады. Қалдықтарды шығаруға және көмуге лицензиясы бар мамандандырылған ұйым коммуналдық қалдықтарды шығарады. Телекоммуникация құралдарын және ұйымдастыру техникасын кәдеге жарату мен қайта өңдеу үшін есептен шығару мен беру ұйымның «Есептен шығарылған телекоммуникация құралдарын бөлшектеу және кәдеге жарату ережелері» стандарты бойынша жүзеге асырылады. Есептен шығарылған жабдықтар, кабельдер мен 

ұйымдастыру техникасы түсті және қара металдарды жинауға, сақтауға және жоюға лицензиясы бар мамандандырылған ұйымға беріледі. Пайдалану қызметі кейбір жабдықтарды қосалқы бөлшектер ретінде одан әрі пайдалану туралы шешім қабылдайды.

Компанияда кеңсе аумағында қалдықтарды бөлек жинау жүйесі енгізілген. Бұл экологиялық таза және жа­уапты іс-әрекетке жасалған қадам.

Арнайы төрт секциялы экожәшіктерді пайдалана отырып, біз пайдалы қайталама шикізатты жалпы қалдықтардан бөлу арқылы Жер ресурстарын сақтауға көмектесеміз. Жиналған шикізат қоқыс полигонында сақталудың орнына жаңа тауарлар өндіруге жіберіледі. Қалдықтарды бөлек жинау жүйесі енгізілгеннен бері қайта өңделуге 506,7  кг қайталама шикізат берілді.