2024 жылғы жылдық есеп Қазіргі заманға арналған жаңа буын желісі

Компанияның ағымдағы ESG-бейіні

GRI 2-13GRI 2-14GRI 2-16GRI 2-24GRI 2-25

2023 жылы Компанияның ағымдағы ESG-бейінін бағалау мақсатында SWOT-талдау жүргізіліп, оның барысында тұрақты даму мәнмәтінінде Компания дамуының стратегиялық аспектілері нақтыланды. Жүргізілген талдау нәтижелері 2024 жылы өзекті болып қалуда.

SWOT-талдау тұрақты даму мәнмәтінінде компанияның инвестициялық тартымдылығына және операциялық тұрақтылығына әсер етуі мүмкін бірқатар тәуекелдерді (инвестициялық, реттеушілік және беделді) анықтады.

Атап айтқанда, климаттық тәуекелдерді ашудың жеткіліксіз ашықтығына, АКТ қызметтері және реттеушілік қысым саласында, әсіресе ESG саласында нормативтік талаптардың өзгеруіне байланысты инвестициялық тартымдылықтың төмендеу қаупі бар.

Осы тәуекелдерді азайту үшін нақты стратегиялар ұсынылады. Экологиялық аспектіде Компания ПГ шығарындыларын есепке алу жүйесін енгізіп және халықаралық стандарттарға сәйкес экологиялық менеджмент жүйесін енгізе отырып, климаттық тәуекелдерге қатыс­ты өзінің ашықтығы мен жауапкершілігін арттыра алады.

Әлеуметтік тәуекелдерді адам капиталына инвестиция­лау, оның ішінде адам құқықтарының тәуекел картасын әзірлеу және халықаралық стандарттарды белсенді қолдану арқылы азайтуға болады.

Басқару аспектісі GRI, IFRS S1 және S2 халықаралық стандарттарын мұқият сақтауды, сондай-ақ көміртегі іздері туралы ақпаратты ашу үшін CDP бағдарламасына белсенді қатысуды талап етеді. Бұл қадамдар Компания­ға реттеуші қысыммен күресуге көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар оның беделі мен инвестиция­лық келешегін жақсартады.

«Кселл» АҚ-ның ESG-бейініне SWOT-талдау жүргізу

Күшті жақтар
Әлсіз жақтар
Мүмкіндіктер

Тәуекелдер

Экологиялық аспект

  • Парниктік газдардың төмен шығарындылары
  • ДӨО-да энергия тұтынудың бөлек есебі жүргізіледі
  • Компанияда климаттық әсерлерді басқару жүйесі жөнге келтірілмеген және ПГ шығарындыларын азайту бойынша қадамдар белгіленбеген
  • Компанияда қалдықтарды кәдеге жарату және жою (көму, өртеу) бойынша мақсатты көрсеткіш белгіленбеген
  • Экология саясаты енгізілмеген
  • Компанияда төмен көміртекті өнімдер деп жіктелетін өнімдер және/немесе қызметтер жоқ
  • Компанияда Компания қызметінің биоалуантүрлілікке әсеріне мониторинг жүргізу рәсімі жоқ
  • Қоршаған ортаны қорғау аспектілері бойынша сандық нысаналы көрсеткіштерді енгізу (қалдықтардың пайда болуын азайту, ПГ шығарындыларының көлемін азайту)
  • Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған өнімдерді, іс-әрекет түрлері мен қызметтерді айқындау
  • Компанияның операциялық қызмет аймақтарындағы биоалуан­түрліліктің ағымдағы деңгейін бағалау
  • Өтпелі климаттық тәуекелдерді есепке алу және бағалау (TCFD ұсынымдарына сәйкес)
  • ПГ шығарындыларын азайту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін «жасыл инвестицияларды» тарту
  • Қымбат тұратын төмен көміртекті технологиялар
  • Экологиялық нормативтер бойынша, соның ішінде телекоммуникация саласы үшін талаптарды қатайту
  • Төтенше ауа райы жағдайлары бизнес пен инфрақұрылым беделіне нұқсан келтіруі мүмкін
  • Климаттық тәуекелдер туралы ақпараттың жеткіліксіз ашылуына байланысты инвес­тициялық тартымдылықтың төмендеуі
  • Климаттық жобалардың инс­титуционалдық және нормативтік базасының болмауына байланысты алынбай қалған пайда

әлеуметтік аспект

  • Телекоммуникация аясында пікір білдіру бос­тандығына қатысты сала саясаты
  • Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды басқарудың дамыған жүйесі 
  • Кері байланыс тетіктерінің дамыған жүйесі
  • Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау жүйесінің болуы
  • Митигация шараларының сипаттауы бар қызметкерлерді басқару саласындағы тәуекелдер тізілімі
  • Оқыту мен біліктілікті арттырудың дамыған жүйесі
  • Қолжетімділік аймағы бойынша АКТ қызметтерінің қолжетімділігі
  • Қызметкерлердің тиімділігін басқаруды жеке және/немесе командалық бағалаудың дамыған жүйесі
  • Компанияның деректерді қорғау жөніндегі құпия­лылық саясаты
  • Адам құқықтары саласындағы тәуе­келдерді бағалау және басқару процесінің болмауы
  • Ұжымдық шарттың болмауы
  • Әртүрлілік пен кемсітушілік саласындағы саясат пен басқару тетіктерінің болмауы
  • Еңбек ақысын төлеуде гендерлік теңдікті қамтамасыз ететін бағдарламалардың болмауы
  • Жергілікті қоғамдастықтармен өзара іс-қимыл саласындағы сая­сат пен басқару тетіктерінің болмауы
  • Жұмыскерлерге арналған ұзақ мерзімді ынталандырудың болмауы
  • Қауымдасу еркіндігінің болмауы
  • Құпиялықты қорғау туралы ақпарат беру
  • АКТ технологиялары арқылы халықтың білім деңгейін арттыру
  • Адам капиталына инвестиция құю
  • Онлайн қызметтерді ұсынуды кеңейту арқылы Компанияның кірісін ұлғайту
  • Адам құқықтары саласындағы тәуе­келдерді басқару
  • Ресурстарды оңтайландыру үшін жаңа қосымшалар мен платформаларды енгізу мүмкіндігів
  • Адам құқықтары саласындағы мүдделі тараптардың сұранысына сәйкес келетін жаңа қосымшалар мен платформаларды енгізу мүмкіндігі
  • Адам құқықтары саласындағы тәуе­кел картасын енгізу мүмкіндігі
  • Компания қызметкерлері мен мердігерлері үшін қауіпсіздік көрсеткіштерін жақсарту
  • Білікті персонал үлесін ұлғайту
  • Қызметкерлердің әл-ауқатының динамикасын арттыру 
  • Халықтың нақты табыстарының төмендеуіне әсер ететін экономикалық жағдай
  • Алматыдағы орталық байланыс арнасына тәуелділік
  • АКТ қызметтеріне қойылатын нормативтік және заңнамалық талаптардағы өзгерістер 

Корпоративтік басқару

  • Директорлар кеңесіндегі тәуелсіз директорлардың жоғары үлесі
  • Директорлар кеңесінің жанында Аудит және тұрақты даму жөніндегі комитет жұмыс істейді
  • Цифрлық экономиканы дамыту және ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету жобаларына белсенді қатысу
  • Өнімдер мен қызметтердің әртараптандырылған портфелі
  • Тұрақты даму қағидаттары Компанияның операция­лық және стратегиялық қызметіне саясаттар, кодекстер, жарғылар, даму стратегиясы және ТКДБ сияқты әртүрлі корпоративтік құжаттар арқылы біріктірілген
  • ТДМ-ға қол жеткізудің басымдықтары анықталды
  • ESG саласындағы мақсаттар белгіленді және негізгі тиімділік көрсеткіштері анықталды
  • Компанияның Директорлар кеңесі мен топ-менеджменті тұрақты даму мәселелеріне белсенді қатысады
  • ESG-есептіліктің жеткіліксіз ашықтығы
  • Басқарма мен Директорлар кеңесінде әйелдердің төмен өкілдіктігі 
  • Мемлекеттік реттеу мен бақылауға тәуелділік
  • Директорлар кеңесінің мүшелерін тағайындау кезінде әртүрлілік факторларын есепке алудың нақты талаптарын айқындайтын Директорлар кеңесінің әртүрлілік саясаты әзірленбеген
  • Бас атқарушы директордың сыйақысы, барлық басқа қызметкерлердің орташа сыйақысы және олардың арасындағы арақатынас туралы ақпарат ашылмайды
  • Топ-менеджменттің сыйақысының төмен ашықтығы
  • Компанияның тәртіп/әдеп кодекстерін бұзу (мысалы, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік және т.б.) туралы ақпарат ашылмайды
  • ESG-тәуекелдерді басқару жүйесінің болмауы
  • Қызметкерлердің жұмысын бағалау жүйесінде нормаларды/әдеп кодексін сақтауға және Компаниядағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаумен байланысты қызметкерлерге сыйақы беру қарастырылмаған
  • Компанияда сәтті жүзеге асырылып жатқан жылдам технология­лық өзгерістер мен инновациялар
  • Жергілікті экономикалық өсу
  • Компания операцияларына ESG біріктіру арқылы инвестициялар тарту
  • Клиенттік базаны кеңейту және нарықтағы орынды нығайту үшін нарықтағы үлесті арттыру
  • Тұрақты даму қағидаттарын пайдалана отырып, жаңа өнімдер мен қызметтер дизайны арқылы құндылық жасау мүмкіндігі
  • GRI, IFRS S1, S2 халықаралық стандарттарын қолдана отырып, жоғары ESG рейтингін алу және CDP-де көміртегі ізі туралы ақпаратты ашу
  • Әлеуметтік жауапкершілікті арттыру
  • ESG іс-тәжірибелерін жақсарту және оларды Компанияның бизнес-процестеріне біріктіру үшін халықаралық тәжірибе мен серіктестікті пайдалану
  • Жеткізушілермен өзара әрекеттесу кезінде маңызды тәуекелдерді айқындау және жою, оларға даму және ESG факторларына теріс әсерді азайту мүмкіндігін беру арқылы жеткізушілердің ESG бағдарламасын енгізу бойынша прецедент орнату
  • Жүйеге рұқсатсыз кіру салдарынан деректер қауіпсіздігінің бұзылуы, құпия деректердің ағып кетуі
  • Бизнес саласына әсер етуі мүмкін геосаяси қақтығыстар, саяси тұрақсыздық және сая­си басқару құрылымындағы өзгерістер тәуекелі
  • Реттеушілік тәуекелі: реттеу­шілер мен инвесторлардың ESG саласындағы қысымының артуы, осы салада қосымша күш пен назар аударуды талап етеді
  • Халықаралық деңгейдегі ықтимал санкциялар мен шектеулер
  • Қаржылық тұрақтылықтың төмендеу тәуекелі. Әлем экономикасының өсу қарқынының баяулау қаупі, жоғары инфляция мен өтімділіктің жеткіліксіздігі түріндегі экономикалық дағдарысқа байланысты ықтимал проблемалар
  • Әсіресе монополияға қарсы саясат және құпиялылық салаларында шешуге назар мен ресурстарды қажет ететін құқықтық даулардың немесе сот талқылауларының  туындау мүмкіндігі