2024 жылғы жылдық есеп Қазіргі заманға арналған жаңа буын желісі

Компанияның операциялық қызметі

GRI 2-6GRI 201-1GRI 203-1GRI 203-2GRI 413-1GRI 415-1

Компанияның нарықтағы үлесі

Қазақстандық мобильді байланыс абоненттерін операторлар бойынша бөлінуі
Қазақстандық мобильді байланыс абоненттерін операторлар бойынша бөлінуі
Дереккөз: ҚР СЖ және РА ҰСБ, Kcell, VEON Ltd.

2024 жылдың соңында «Кселл» АҚ абоненттік базасы 7,9 млн абонентті (яғни белсенді SIM карталарын) немесе қазақстандық ұялы байланыс абоненттерінің жалпы санының 30,2%-ын құрады. «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС мен «Кар-Тел» ЖШС үлестері тиісінше 25,6% және 44,3% абонент болды.

Негізгі операциялық көрсеткіштер

Компанияның абоненттік базасы, кезеңнің соңында, мың абонент
Компанияның абоненттік базасы, <span>кезеңнің соңында, мың абонент</span>

Абоненттік базаның шамалы төмендеуі нарықтың қанығуы мен жоғары бәсекелестік аясында пайдаланушы белсенділігінің тұрақтануын көрсетеді. Сонымен қатар, адал клиенттер аудиториясының сақталуымен және цифрлық қызметтерді тұтынудың өсуімен абоненттік базаның құрылымы тұрақты болып қалады.

Бір абонентке шаққандағы орташа айлық дауыстық трафик (MOU), айына мин
Бір абонентке шаққандағы орташа айлық дауыстық трафик (MOU), <span>айына мин</span>

Дауыстық трафиктің төмендеуінің себебі – пайдаланушылардың мессенджерлер және VoIP қызметтері сияқты цифрлық байланыс арналарына үздіксіз көшуі, сондай-ақ дәстүрлі дауыстық байланысты тұтыну төмендеуінің жалпы нарықтық үрдісі.

Мобильді интернет-трафик, кезеңдегі Пбайт
Мобильді интернет-трафик, <span>кезеңдегі Пбайт</span>

Деректерді берудің жылдық көлемінің 2023 жылғы 797 Пбайттан 2024 жылы 864 Пбайтқа дейін өсуі цифрландыру үдерісіне, интернетке мобильді қолжетімділікті пайдаланудың өсуіне, 4G және 5G желілерінің дамуына, сондай-ақ абоненттер арасында ағынды қызметтер, бұлттық шешімдер мен онлайн платформалардың танымалдылығының өсуіне байланысты.

Бір пайдаланушыға шаққандағы орташа айлық табыс (ARPU), айына теңге
Бір пайдаланушыға шаққандағы орташа айлық табыс (ARPU), <span>айына теңге</span>

ARPU-ның 2023 жылғы 1 905 теңгеден 2024 жылы 1820 теңгеге дейін төмендеуі бірқатар факторларға, соның ішінде нарықтағы баға бәсекелестігіне және абоненттердің неғұрлым қолжетімді тарифтік жоспарлар пайдасына қайта бөлінуіне байланысты. Есепті кезеңде компания цифрлық қамтуды кеңейтуге және халықтың осал топтары үшін байланыс қолжетімділігін арттыруға бағытталған, студенттерге, оқушыларға және балаларға арналған жеңілдікті ұсыныстарды қамтитын әлеу­меттік бағдарланған тарифтерді белсенді түрде алға тартты. Сонымен қатар, пайдаланушылардың жалпы саны мен қызметтерді тұтыну көлемі тұрақты өсуді жалғастыруда, бұл ұзақ мерзімді клиенттер адалдығы стратегиясының тиімділігін растайды.

Желілерді дамыту

2024 жылғы Kcell желісін дамытудың негізгі көрсеткіштері:
2024 жылғы Kcell желісін дамытудың негізгі көрсеткіштері:

5G желілері. 2024 жылы Kceлл 5G желісін дамыту бо­йынша лицензиялық міндеттемелерін толығымен орындады. Компания жалпы алғанда 5G базалық станциясының 630 бірлігін, оның ішінде Алматы қаласында 198 станцияны салып, іске қосты. Бірегей инфрақұрылымдық жетістіктердің бірі Алматы метросында 5G байланысын іске қосу болды – Қазақстанда алғаш рет бесінші буын байланысы метрополитенде қолжетімді болды. Бүгінгі таңда 5G желісі Алматы метросының 9 станциясында жұмыс істейді.

2024 жылдың соңындағы жағдай бойынша Kceлл желісі жалпы алғанда 5G базалық станциясының 997 бірлігін қамтыды. «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-мен 5G желілерін бөлісуді ескере отырып, Kceлл абоненттеріне қолжетімді 5G базалық станцияларының саны 1470-ке жетеді.

2025 жылға 5G базалық станциясының 589 бірлігін салу және іске қосу жоспарланған. Республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарынан басқа, жаңа буын желісі Жаңаөзен, Сарыағаш, Жетісай, Құлсары және Қаскелең қалаларында орналастырылатын болады.

Ауылдық жерлерде желілерді дамыту («250+» жобасы). «Кселл» АҚ қала мен ауыл тұрғындары арасындағы «цифрлық теңсіздікті» жою бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. Компания қазақстандық ұялы байланыс операторлары 2020 жылы қабылдаған «250+» бағдарламасының негізгі қатысушыларының бірі болып табылады. Бағдарламаның мақсаты – 250-ден астам тұрғыны бар ауылдық елді мекендерді мобильді кең жолақты қолжетімділікпен (КЖҚ) қамтамасыз ету. Сонымен қатар, Компанияның мобильді КЖҚ қамтуын кеңейту және ауылдық жерлердегі байланыс сапасын арттыру бойынша өз бағдарламасын жүзеге асыруда.

2024 жылдың соңындағы жағдай бойынша міндетті бағдарламаларға сәйкес 468 базалық станция және ауылдық жерлерде желілерді дамытудың өз бағдарламалары бойынша 550-ге жуық базалық станция салынды. Станцияларды салуға техникалық мүмкіндіктерді қамтамасыз ету бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың жәрдемдесуі шартымен, «250+» жобасы аясында Kceлл-дің 2024 жылға арналған лицензиялық міндеттемелері 189 базалық станцияны салу бойынша сөзсіз міндеттемелерді және 79 базалық станция­ны салу бойынша шартты міндеттемелерді қамтитын. Компания сөзсіз міндеттемелерді толық көлемде орындады, шартты міндеттемелер бойынша жоспарланған 79 базалық станция­ның 26-сы салынды. Шартты міндеттемелер бойынша жоспардың орындалмауының себебі – жергілікті атқарушы органдардың шарттарды орындамауы.

Ауылдық жерлерде мобильді байланыс желілерін дамытудағы «Кселл» АҚ қызметі
2020 жыл
  • 519 елді мекенде, оның ішінде «250+» бағдарламасы аясында 329 елді мекенде және өз бастамамыз бойынша 130 елді мекенде жұмыстар жүргізілді;
  • Жалпы алғанда 550 базалық станция іске қосылды.
2021 жыл
  • 216 елді мекенде, оның ішінде 104 елді мекенде – лицензиялық міндеттемелер шеңберінде және 112 елді мекенде – өз бастамамыз бойынша 245 базалық станция іске қосылды;
  • 29 елді мекенде LTE технологиясын енгізу арқылы байланыс сапасы жақсартылды.
2022 жыл
  • Жалпы алғанда 258 базалық станция іске қосылды;
  • Лицензиялық міндеттемелер шеңберінде 35 елді мекен байланыспен қамтамасыз етілді;
  • 107 елді мекен LTE желісімен қамтумен қамтамасыз етілді;
  • 45 елді мекен 3G және 4G желілерімен қамтумен қамтамасыз етілді;
  • 59 елді мекенде LTE стандартын енгізу арқылы мобильді КЖҚ сапасы жақсартылды;
  • 12 елді мекенде 3G пішімінде жұмыс істейтін қосымша базалық станцияларды орналастыру арқылы мобильді КЖҚ сапасы жақсартылды.
2023 жыл
  • Жалпы алғанда 188 ауылдық елді мекенде 204 базалық станция, оның ішінде 52 елді мекенде 3G базалық станциясының 52 бірлігі, 136 елді мекенде  4G базалық станциясының 152 бірлігі іске қосылды;
  • «250+» бағдарламасы аясында 126, өзіндік мобильді байланыс желісін дамыту бағдарламасы аясында 78 базалық станция іске қосылды;
  • Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін Tele2 және Beeline желілерінің 164 базалық станцияларына қол жеткізілді.
2024 жыл
  • Жалпы алғанда 364 ауылдық елді мекенде 391 базалық станция іске қосылды;
  • Лицензиялық міндеттемелерді орындау шеңберінде 189 базалық станция іске қосылды;
  • Басқа жобалар шеңберінде міндеттемелерден тыс 195 базалық станция іске қосылды.

B2C сегментін дамыту

2024 жылы B2C сегментіндегі негізгі өзгерістер 5G технологиясын ауқымды енгізу төңірегінде шоғырланды, бұл клиенттік қызметтерді дамыту үшін жаңа көкжиектерді ашты және компанияға өз абоненттеріне байланыс сапасы мен деректерді беру жылдамдығының мүлдем жаңа деңгейін ұсынуға мүмкіндік берді.

Технологиялық жаңартумен бір мезгілде компания тарифтік ұсыныстарды барынша дербестендіруге назар аударды. Біз пайдаланушылардың жасына, әлеуметтік мәртебесіне немесе қажеттіліктеріне қарамастан, олардың әрбір санатын қолжетімді, функционалды және шынымен де қажетті тарифпен қамтамасыз етуге ұмтылдық. Бұл ұмтылыс әртүрлі нысаналы топтардың күнделікті қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген бірқатар әлеуметтік және субсидияланатын тарифтерді іске қосуда жүзеге асты.

Жаңа оқу жылының қарсаңында оқушылар мен студенттер үшін арнайы жасалған «Имба» және «Студент» деген екі арнайы тариф іске қосылды. Бұл тарифтік жоспарлар оқу және қатынасу үшін қажетті барлық нәрселерді қамтиды, жастарды тұрақты байланыспен және тартымды бағамен интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етеді. Бұған қоса, біз отбасылық тарифтерді ұсынып отырмыз, олар бірнеше отбасы мүшелерінің арасында дауыстық байланыс пен трафик топтамаларын бөлісуге мүмкіндік береді. Мұндай шешімдер үнемдеуге ықпал етіп қана қоймай, бір үй шаруашылығы шеңберінде байланысты пайдалану ыңғайлығын арттырады.

Бұл бастамалардың барлығы байланыстың әлеуметтік қолжетімділігін арттыру, икемді тарифтік кестені дамыту және клиенттердің ұзақ мерзімді адалдығын нығайту жөніндегі біздің неғұрлым кең стратегиямыздың бір бөлігі болды. Нәтижесінде жаңа пайдаланушылардың едәуір бөлігі дәл осы тарифтерді таңдады. Бір абонентке шаққандағы орташа табыстың (ARPU) біркелкі төмендеуіне қарамастан, Компанияның клиенттік базасы кеңейді, ал пайдаланушылардың қанағаттанушылық және қатыстырылу деңгейі едәуір өсті.

145K

ойнаушы балалар күнде бізді таңдайды

20К+

FWA роутерлерінің бақытты иелері

47K

Activ абоненті бірлік пен отбасы бақытын таңдайды

B2В сегментін дамыту

B2B сегменті Kcell үшін негізгі өсу драйвері болып қала беруде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша B2B сегментіндегі түсім өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға ұлғайды, бұл бизнес-клиенттер арасындағы біздің шешімдерге деген тұрақты жоғары сұранысты дәлелдейді. Айтарлықтай өсу әсіресе заттар интернеті (IoT) және корпоративтік секторға арналған дауыстық шешімдер сияқты басым бағыттарда байқалады. Мысалы, IoT-шешiмдерден түскен табыс әсерлi 62%-ға, ал дауыстық қызметтерден – 11%-ға өстi. Бұл бизнес ортада кеңінен қолданылып келе жатқан SIP-телефония мен FreePhone сияқты жаңа буын қызметтерін дамыту бойынша біздің мақсатты жұмыстарымыздың нәтижесі.

Виртуалды АТС (ВАТС) сегментіндегі Kcell орнын нығайту стратегиялық маңызды жетістіктердің бірі болды. Data Hunters Research деректері бойынша Қазақстанның ВАТС нарығындағы Kcell үлесі 37%-ға жетті, бұл бізді осы санаттағы сөзсіз көшбасшы етеді. Біз қазақстандық нарықта жұмыс істейтін жетекші CRM-жүйелермен біріктірілген бұлтты шешімдерді корпоративтік клиенттерге ұсынған алғашқы мобильді оператор болдық. Өзіміздің телеком-инфрақұрылымдарымыз бен нөмірлік сыйымдылықтың арқасында біз клиенттік сервистің сенімділігіне, икемділігіне және жоғары деңгейіне кепілдік береміз.

Жеке желілерді (Private LTE және Private 5G) дамыту біздің стратегиямыздың тағы бір маңызды векторы болды. Kcell 2024 жылы KAZ Minerals, Polymetal International және Eurasian Resources Group сияқты ірі компаниялардың объектілерінде жаңа буындағы өнеркәсіптік интернет құру жөніндегі жобаларды іске асыруды жалғас­тырды. Біз өндірістік процестерді цифрландыру және автоматтандыру үшін жаңа мүмкіндіктер аша отырып, Қазақстан мен бүкіл ТМД аумағында Private LTE және Private 5G дамытатын алғашқы компания екенімізді мақтан тұтамыз.

Мұның жарқын мысалдарының бірі Kcell-дің AlmatyFair.ai көрмесіне қатысуы болды, онда өнеркәсіптік интернеттің 5G желісі арқылы басқарылатын пилотсыз көліктің жұмысы көрсетілді. Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің алдында нақты уақыт режимінде Kcell ұсынған 5G кеңейтілген желісі жұмыс істейтін ERG компаниясының «Шығыс» қимасында дербес жүктүсіргіш көліктердің жұмысы көрсетілді. Бұл жоба болашақ технологияларының тәжірибелік мүмкіндіктерін көрсетіп қана қоймай, экономиканың негізгі салаларын цифрлық өзгертудегі Kcell-дің стратегиялық рөлін де ерекше білдірді.

Осылайша, Kcell телекоммуникация нарығындағы өз орнын нығайтып қана қоймай, сенімді инфрақұрылымды, озық цифрлық шешімдерді ұсына отырып және Қазақстанның корпоративтік секторының өсуі мен жаңғыр­тылуы үшін тұрақты платформа құра отырып, бизнес үшін инновациялық технологиялық серіктес ретінде де әрекет етеді.

Мобильді қаржылық сервистер

2024 жыл «Мобильді қаржылық сервистер» қаржы технологиялық жобасының қарқынды даму жылы болды, бұл жобаға ұялы телефон теңгерімінен төлемдер, OGO Bonus адалдық бағдарламасы, серіктес банкпен және Mastercard халықаралық төлем жүйесімен серіктестіктегі толыққанды Необанк OGO Bank кіреді. Бес төлем ұйымымен – электрондық ақша жүйесінің операторларымен тікелей интерграциялар, көптеген маркетингтік науқандар, оның ішінде Алматы метросында және еліміздің 29 қаласында қоғамдық көлікте 1 теңгеге жол жүру мүмкіндігі жүзеге асырылды. Kcell абоненттері мобильді қосымшаның көмегімен тауарлар мен қызметтерді ұялы телефонның теңгерімінен төлей алады, картаны ұялы телефонның балансынан тегін толтыру мүмкіндігін алып, онлайн-режимде толық дебеттік көп валюталық картаны аша алады, сондай-ақ, қолма-қол ақшасыз төлемдер үшін сыйақы ретінде сатып алу сомасының 99%-ға дейін алып, OGO Bonus адалдық бағдарламасына қатыса алады. 2024 жылы 90 мыңнан астам карта шығарылды, карта ұстаушылардың жалпы саны 350 мыңнан асты.

Есепті жылы мобильді қаржылық қызметтердің жиынтық айналымы өткен жылмен салыстырғанда 8%-ға өсіп, 83 млрд теңгеге жетті; MAU (айына бір және одан да көп төлем операцияларын жасаған абоненттер саны) 2024 жылдың басындағы 320 мыңнан жылдың соңынағы 430 мың пайдаланушыға дейін өсті.

2024 жыл ұзақ мерзімді стратегияны іске асыру шеңберіндегі «Мобильді қаржылық серивтсер» (бұдан 

әрі – МҚС) бизнес бағыты үшін жаңа жетістіктер жылы болды. Негiзгi бағыттары: үздiк әлемдiк іс-тәжiрибелер үлгiсi бойынша Қазақстандағы алғашқы «Необанкті» одан әрi дамыту; халықаралық төлем жүйелерінің тәжірибесі мен сараптамасы негізінде еліміздегі ең үздік адалдық бағдарламаларының бірін кеңейту; NPS (компания бойынша орташа көрсеткіштен 2 есе жоғары) және MultiPlay (телеком-оператордың бірнеше сервистерін пайдалану 30%-ға жуық) сияқты көрсеткіштерді арттыру үшін Kcell абоненттерін МҚС қызметтерін пайдалануға неғұрлым кеңінен қатыстыру.

Транзакциялық бизнестің «Жасалған төлемдер саны» көрсеткіші 2024 жылы 25%-дан астам өсіп, бір жылда 22 млн операциядан артты. 2024 жыл МҚС пайдаланушыларының белсенді айлық базасының көлемі бойынша рекордтық жыл болды: 2024 жылы бұл сан 25%-ға өсіп, 430 мыңнан астам адамды құрады.

Мобильді қаржылық сервистердің өнімдері

Өнім

Қысқаша сипаттамасы

Ерекшеліктері

Теңгерімнен төлемдер

Қосымшада және сайттарда телефон теңгерімінен 3000-нан астам қызмет ақысын төлеу

Абоненттің тарифтік жоспарына байланысты 100%-ға дейін кешбэк алып, коммуналдық қызметтерді, қоғамдық көлікте жүруді, ойындарды, билеттерді және т.б. төлеу мүмкіндігі

Play мен AppStore-дағы төлемдер

Ойындарды, кітаптарды, контентті теңгерімнен төлеу

Сатып алу сомасының 5%-ға дейін кешбэк алатын төлем құралы ретінде аккаунтқа байланыстырылған ұялы телефонның балансынан төлем

OGO Бонус

Қызметтерді пайдаланушыларға арналған адалдық бағдарламасы

Ұялы телефон балансынан Kcell немесе Active қосымшасында, сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарының сайттарында төлем сомасынан 100% дейін кешбэк алып жасалған төлемдер үшін бонус­тық сыйақы бағдарламасы