Директорлар кеңесі жанындағы комитеттер
Директорлар кеңесі жанындағы комитеттердің құрамы
Директорлар кеңесі жанында өз құзыреті шеңберінде Компания қызметінің негізгі мәселелерін қарайтын және осы мәселелер бойынша Директорлар кеңесіне ұсынымдар әзірлейтін 4 комитет құрылып, жұмыс істейді. Директорлар кеңесі жанындағы комитеттердің ағымдағы құрамы кестеде көрсетілген:
|
Комитеттің атауы |
Комитеттің құзыреті |
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай |
|---|---|---|
|
Стратегиялық жоспарлау мәселелері жөніндегі комитет |
|
Буянов А.Н. – Комитет төрағасы; Абдуалиев Ә.Қ.; Индыкбаев А.Б.; Джери Калмис; Керейбаев Д.Ж. |
|
Кадрлар және сыйақы беру мәселелері жөніндегі комитет |
|
Абдуалиев Ә.Қ. – Комитет төрағасы; Буянов А.Н.; Индыкбаев А.Б.; Жамалов С.Е.; Керейбаев Д.Ж. |
|
Ішкі аудит мәселелері жөніндегі комитет |
|
Жамалов С.Е. – Комитет төрағасы; Абдуалиев Ә.Қ.; Джери Калмис |
|
Тұрақты даму мәселелері жөніндегі комитет |
|
Жамалов С.Е. – Комитет төрағасы; Буянов А.Н.; Мейрамов Е.Б. |
Директорлар кеңесі жанындағы комитеттердің қызметі
|
Стратегиялық жоспарлау мәселелері жөніндегі комитет |
|---|
|
2024 жылы Комитет отырыстардың күн тәртібіне сәйкес 6 бетпе-бет отырыс өткізді. Комитетте 23 мәселе қаралып, Қоғамның Директорлар кеңесіне тиісті ұсынымдар берілді. Комитеттің құзыретіне кіретін барлық қызмет мәселелері қаралды. Комитет келесі мәселелерді қарап, Директорлар кеңесіне олар бойынша ұсынымдар берді:
|
|
Кадрлар және сыйақы беру мәселелері жөніндегі комитет |
|
2024 жылы Комитет отырыстардың күн тәртібіне сәйкес 7 бетпе-бет отырыс өткізді. Комитетте 30 мәселе қаралып, Қоғамның Директорлар кеңесіне тиісті ұсынымдар берілді. Есепті кезеңде Комитеттің отырыстарында Комитеттің құзыретіне кіретін барлық қызмет мәселелері қаралды. Комитет келесі мәселелерді қарап, Директорлар кеңесіне олар бойынша ұсынымдар берді:
Осыған қоса, Комитет «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына үміткерлерді қарастыру бойынша жұмыс жүргізді. |
|
Ішкі аудит мәселелері жөніндегі комитет |
|
2024 жылы Комитет отырыстардың күн тәртібіне сәйкес 6 бетпе-бет отырыс өткізді. Комитетте 33 мәселе қаралып, Қоғамның Директорлар кеңесіне тиісті ұсынымдар берілді. Есепті кезеңде Комитеттің отырыстарында Комитеттің құзыретіне кіретін барлық қызмет мәселелері қаралды. Комитет келесі мәселелерді қарап, Директорлар кеңесіне олар бойынша ұсынымдар берді:
2024 жылы Комитет сыртқы аудитормен төрт кездесу өткізді:
Комитет Төрағасы Жамалов С.Е., Қоғам Басқармасының мүшелерімен, Ішкі аудит қызметінің жұмыскерлерімен тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұрды. |
|
Тұрақты даму мәселелері жөніндегі комитет |
|
2024 жылы Комитет отырыстардың күн тәртібіне сәйкес 2 бетпе-бет отырыс өткізді. Комитетте 2 мәселе қаралып, Қоғамның Директорлар кеңесіне тиісті ұсынымдар берілді. Комитет Қоғамның Комплаенс-бақылау қызметінің есептерін қарап, Директорлар кеңесіне олар бойынша ұсынымдар берді. Комитет мүшелері Қоғамның Басқарма мүшелерімен, Комплаенс-бақылау қызметінің басшысымен, сондай-ақ Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұрды. |