Ішкі аудит
Ішкі аудит қызметі (ІАҚ) Компанияда ішкі аудитті ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз ететін «Кселл» АҚ органы болып табылады. IAҚ тікелей Директорлар кеңесіне бағынады және оған Директорлар кеңесінің Ішкі аудит жөніндегі комитеті жетекшілік етеді. ІАҚ қызметі Ішкі аудит қызметі туралы ережеге және Компанияның Директорлар кеңесі бекіткен Жылдық аудит жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
IAҚ миссиясы – Директорлар кеңесі мен Басқармаға «Кселл» АҚ-ның стратегиялық мақсаттарына жету бойынша өз міндеттерін орындауда қажетті көмек көрсету. Қызмет өз жұмысында Әдеп кодексінде және Ішкі аудиторлар институтының Халықаралық кәсіби ішкі аудит стандарттарында айқындалған адалдық, әділдік, құпиялылық және кәсіби құзыреттілік қағидаттарын басшылыққа алады.
ІАҚ негізгі мақсаты – Директорлар кеңесіне Компаниядағы тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жақсартуға бағытталған тәуелсіз және әділ кепілдіктер мен кеңестер беру. IAҚ міндеттеріне мыналар кіреді:
- Компаниядағы ішкі бақылау жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін бағалау;
- корпоративтік басқару үдерісін жетілдіруді бағалау;
- Компанияның ресурстарын пайдаланудың ұтымдылығы мен тиімділігін және мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін қолданылатын әдістерді (тәсілдерді) бағалау;
- бухгалтерлік есеп жүйесінің шынайылығын, толықтығын, әділдігін және қаржылық есептіліктің сенімділігін бағалау;
- Компанияның ҚР заңнамасының талаптарын сақтауын бағалау және осы талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін құрылған және қолданылатын жүйелер мен рәсімдердің сәйкестігін бағалау;
- алаяқтық жасау тәуекелін және алаяқтық тәуекелін басқару тиімділігін бағалау.
Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша ІАҚ тиісті ұсынымдарды, оның ішінде қолданыстағы ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелерін, процестер мен жұмыс қағидаттарын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ ІАҚ құзыретіне кіретін кез келген мәселелер бойынша түсініктемелер береді.