2024 жылғы жылдық есеп Қазіргі заманға арналған жаңа буын желісі

Компанияның тарихындағы негізгі оқиғалар

1998

  • 1 маусым – «GSM (Джи Эс Эм) «Қазақстан ААҚ» ЖШС құрылуы
  • 8 маусым – Компания GSM стандартындағы ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға мерзімсіз мемлекеттік лицензия алды

1999

  • 7 ақпан – Kcell брендін іске қосу
  • 9 қырқүйек – activ брендін іске қосу

2003

  • 18 қыркүйек – Компания Қазақстан Республикасындағы мобильді құрылғылардан Интернет желісіне қолжетімділігі бар алғашқы мобильді байланыс операторы болды
  • Қыркүйек – мультимедиялық хабарламаларды (MMS) тарату қызметінің іске қосылуы

2005

  • 13 қыркүйек – Компания GPRS-роуминг қызметін ұсынатын алғашқы қазақстандық оператор болды

2008

  • 26 тамыз – Компанияның лицензиясы қайта қаралды және GSM-1800 желісін пайдалану құқығымен толықтырылды

2010

  • 1 желтоқсан – Астана және Алматы қалаларында 3G желісін коммерциялық пайдаланудың басталуы

2012

  • 2 ақпан – «Қазақтелеком» АҚ қатысу үлесін Sonera Holding B.V.-ге сату мәмілесін аяқтау
  • 27 тамыз – Компания акционерлік қоғам ретінде қайта құрылуы және атауы «Кселл» АҚ деп өзгертілуі
  • 29 қараша – KASE-де «Kcell» АҚ жай акцияларының айналысының басталуы
  • 13 желтоқсан – LSE-де жаһандық депозитарлық қолхаттар листингінің аяқталуы

2014

  • 15 сәуір – «Кселл» АҚ Қазақстандағы iPhone ресми дистрибьюторы болды
  • Қыркүйек – activ сауда белгісінің ауқымды ребрендингінің басталуы
  • 16 қараша – Kcell/activ мобильді қосымшасының іске қосылуы
  • Жыл қорытындысы бойынша Компания Қазақстандағы қаржылық емес компаниялар арасында салық түсімдерінің көлемі бойынша көшбасшы болды

2015

  • Ақпан – activ сауда белгісінің ребрендингін аяқтау
  • Наурыз – Алматыда алғашқы activ брендтік дүкеннің ашылуы

2016

  • 5 қаңтар – Компания ел аумағында байланысты жақсарту және сол жылы сол жылы орын алған 4G және LTE қызметтерін іске қосуға дайындалу үшін 700/800 MHz және 1800 MHz диапазонында қосымша жиіліктерді пайдалану құқығына ие болды

2017

  • 1 наурыз – Қазақстанда LTE желісі іске қосылды
  • Маусым – Алматы және Шымкент қалаларында 4G+ (LTE Advanced) желісі іске қосылды
  • 1 қараша – Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі Компанияға тұрақты болжаммен «BB» деңгейінде эмитенттің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін берді

2018

  • 16 ақпан – Компания KASE-де 4,95 млрд теңге сомасына облигацияларды орналастырды
  • 21 желтоқсан – «Қазақтелеком» АҚ Компанияның айналымдағы акцияларының 75%-на ие болып, Telia Company және Fintur Holdings B.V.-ден «Кселл» АҚ акцияларын сатып алды

2019

  • 27 маусым – Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Кселл» АҚ эмитентінің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін «BB» деңгейінде растады және болжамды «тұрақтыдан» «оңға» дейін жақсартты

2020

  • Пандемия кезеңінде 3,5 мың медицина қызметкері тегін дауыстық байланыспен және интернет-трафикпен қамтамасыз етілді
  • Абоненттерге қашықтан оқытуға арналған 400-ден астам веб-сайтқа және онлайн банкингке арналған 27 мобильді қосымшаға тегін қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілді
  • 16 сәуір – жаңа SIM карталарды сатып алу және ескі SIM карталарды ауыстыру, теңгерімді толтыру және телефонға E-SIM орналастыру кезінде биометриялық сәйкестендіруді қолданатын симкоматтарды (өз-өзіне қызмет көрсету терминалдары) орналастыру жобасы іске қосылды

2021

  • 14 маусым – LSE мен AIX-те жаһандық депозитарлық қолхаттардың делистингі аяқталды
  • Шілде – «First Heartland Jusan Bank» АҚ-мен және Mastercard халықаралық төлем жүйесімен бірлесіп OGO Finance қаржылық қызметтер желісі іске қосылды
  • 30 қыркүйек – «Қазақтелеком» АҚ KASE-де «Кселл» АҚ акцияларының 24%-ын сатты

2022

  • 5 қаңтар – абоненттерді үзіліссіз байланыспен қамтамасыз ету және Үкіметке көмек көрсету мақсатында уақтылы шешімдер қабылдау үшін жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты төтенше жағдай режимі кезеңінде жедел штаб құру
  • 25 ақпан – Nexign Converged BSS биллинг жүйесін енгізудің бірінші кезеңін аяқтау
  • 12 желтоқсан – Fitch Ratings «Кселл» АҚ эмитентінің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін «тұрақты» болжаммен «BB+» деңгейінде растады
  • 16 желтоқсан – «Кселл» АҚ «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-мен консорциумда 5G желілерін пайдалану бойынша тендерді жеңіп алды
  • Желтоқсан – Nexign Converged BSS биллинг жүйесін енгізудің екінші кезеңі аяқталды

2023

  • 16 қараша – KASE «Кселл» АҚ-на «Акциялар нарығының көшбасшысы» атағын алды
  • 5 желтоқсан – Fitch Ratings агенттігі «Кселл» АҚ эмитентінің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін «Тұрақты» болжаммен «BB+» деңгейінде растады

2024

  • 30 наурыз – Kcell су тасқынынан зардап шеккен Қазақстанның бес аймағының тұрғындарына қолдау көрсету туралы шешім қабылдады. Су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердің тұрғындары 10 гигабайт интернет-трафикті, кез келген операторлардың желісіне 50 минут қоңырауларды, сондай-ақ 50 тегін SMS қамтитын тегін топтамаға ие болды
  • 24 қараша – Fitch Ratings агенттігі Kcell кредиттік рейтингін тұрақты болжаммен «BB+» деңгейінде растады