Компанияның тарихы
«Кселл» АҚ өз тарихын өткен ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында бастаған, бастапқыда «GSM (Джи Эс Эм) «Қазақстан ААҚ» ЖШС («GSM Қазақстан» ЖШС) деп аталатын. «GSM Қазақстан» ЖШС 1998 жылы
1 маусымда Қазақстан Республикасында GSM стандартындағы ұялы байланыс желісін жобалау, салу және пайдалану үшін тіркелген. 1998 жылы «Кселл» АҚ GSM стандартындағы ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға лицензия алған алғашқы қазақстандық компания болды.
2012 жылға дейін «GSM Kazakhstan» ЖШС қатысушылары Fintur Holdings B. V. (Нидерландта тіркелген TeliaSonera Finland Oyj және Turkcell Illetisim Hizmetleri бірлескен кәсіпорны) және «Қазақтелеком» ААҚ (2004 жылдан бастап – «Қазақтелеком» АҚ) болды, олардың қатысу үлестері тиісінше капиталдағы 51% және 49%-ды құрайтын. 2012 жылдың 2 ақпанында «Қазақтелеком» АҚ өзінің қатысу үлесін TeliaSonera фин компаниясының еншілес құрылымы Sonera Holding B.V. компаниясына сатты (2017 жылы компания атауын Telia Company деп өзгертті).
2012 жылдың 27 тамызында Компания акционерлік қоғам ретінде қайта құрылып, атауын «Кселл» АҚ деп өзгертті. 2012 жылдың желтоқсанында Компания жаһандық депозитарлық қолхаттар түрінде Лондон қор биржасында және жай акциялар түрінде Қазақстан қор биржасында 50 млн акцияны (жарғылық капиталдың 25%-ы) орналастырды. Нәтижесінде негізгі акционерлер – Fintur Holdings B.V., және Sonera Holding B.V., үлестері 51% және 24%-ды құрады.
2018 жылдың 21 желтоқсанында «Қазақтелеком» АҚ Компанияның жарғылық капиталындағы 75% қатысу үлесіне ие болып, Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі «Кселл» АҚ акция пакеттерін сатып алды. 2021 жылдың 30 қыркүйегінде «Қазақтелеком» АҚ дауыс беретін акцияларының 24%-ын KASE-де сатты.