2024 жылғы жылдық есеп Қазіргі заманға арналған жаңа буын желісі

Сыртқы аудит

ХҚЕС-қа сәйкес жасалған қаржылық есептіліктің сенімділігін тәуелсіз бағалау мақсатында Компания жыл сайын Акционерлердің жалпы жиналысымен бекітілетін сыртқы аудиторды тартады. Аудиторды таңдау рәсімі Аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларына сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі ұйымдар үшін жүзеге асырылады. Аудиторды таңдау кезінде Қоғам келесі негізгі қағидаттарды басшылыққа алады:

  • аудиторды таңдау рәсімінің тәуелсіздігі мен ашықтығы;
  • мүдделер қақтығысының болмауы;
  • ұсынылатын аудиторлық қызметтердің сапасы.

2022 жылғы 13 желтоқсанда өткен Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен Компанияның 2022-2024 жылдарға арналған қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым болып «Эрнст энд Янг» ЖШС айқындалды. Компанияның еншілес ұйымы – «KazNet Media (КазНет Медиа)» ЖШС-не 2024 жылы аудиторлық және аудиторлық емес қызметтер көрсетілген жоқ.

2024 жылдың ішінде «Кселл» АҚ аудиторлық қызмет көрсеткені үшін «Эрнст энд Янг» ЖШС-не 116 231 010 теңге көлемінде (ҚҚС есептегенде) сыйақы төленді. 2024 жылы «Эрнст энд Янг» ЖШС Қоғамға аудиторлық емес қызметтер көрсеткен жоқ.