2024 жылғы жылдық есеп Қазіргі заманға арналған жаңа буын желісі

Персоналдың еңбегіне ақы төлеу, оны бағалау және ынталандыру

GRI 202-1GRI 401-1GRI 405-2

Компанияның жылдық еңбекақы қоры (оның ішінде сыйлықақылар мен бонустар) 2024 жылы 19,7 млрд теңгені құрады (2023 жылы – 19,7 млрд, 2022 жылы – 16,7 млрд).

2024 жылы «Кселл» АҚ-да әйелдердің орташа айлық жалақысы 671,3 мың теңгені, ерлердікі — 870,2 мың теңгені құрады. 22,9% мөлшеріндегі алшақтық кәсіби құрылымдағы айырмашылықтарға байланысты: әйелдер негізінен әкімшілік және сервистік позицияларда жұмыс істейді (64%), ал ерлер техникалық және инженерлік лауазымдарды жиі атқарады. Бұл ретте Компания тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге ерекше мән береді және техникалық және басқарушылық бағыттарды қоса алғанда, әйелдердің барлық кәсіби салаларға қатысуын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Ерлердің және әйелдердің орташа айлық еңбекақысы, мың теңге/ай.

 

2022

2023

2024

Әйелдердің орташа айлық еңбекақысы

556,0

658,1

671,3

Ерлердің орташа айлық еңбекақысы

719,7

868,9

870,2

Компания жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру жүйесі келесі қағидаттарға негізделеді:

  • Ішкі әділеттілік (еңбекақы лауазымның дәрежесіне байланысты белгіленеді) және сыртқы бәсекеге қабілеттілік (еңбек ақысын төлеу деңгейі референттік еңбекақы нарығына қатысты бәсекеге қабілетті болуы тиіс);
  • Ашықтық;
  • Сыйақының жалпы Компанияның және жекелеген жұмыскерлердің мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуіне, сондай-ақ Компанияның қаржылық-экономикалық мүмкіндіктеріне тәуелділігі;
  • Сыйақы мөлшерін белгілеу кезінде инклюзивтілікті қамтамасыз ету, жыныс, нәсіл, ұлт, дін, жас, саяси немесе басқа белгілер бойынша кемсітуге жол берілмейді.

Компанияда сыйлықақы берудің келесі түрлері бар:

  • Жылдық сыйлықақы беру;
  • Функционалдық ынталандырушы бонус;
  • Жобалық сыйлықақы беру;
  • Біржолғы сыйлықақы беру;
  • «Түсім» және EBITDA Margin жоспарлық көрсеткіштерін асыра орындағаны үшін жұмыскерлерге қосымша сыйлықақы беру.

Жұмыскерлерге сыйлықақы/сыйақы берудің негізгі көрсеткіштері:

  • Компанияның корпоративтік қаржылық мақсаттарын орындау;
  • жұмыскердің алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау;
  • жұмыскерлердің еңбек тәртібін сақтауы.

Жылдық сыйлықақы беру, функционалдық ынталандырушы бонус, жобалық сыйлықақы беру, «Түсім» және EBITDA Margin жоспарлық көрсеткіштерін асыра орындағаны үшін жұмыскерлерге қосымша сыйлықақы беру Компанияның жекелеген ішкі құжаттарымен реттеледі. Біржолғы сыйлықақы беру Компания Басқармасымен келісу бойынша жүргізіледі.

2024 жылдың нәтижелері бойынша қызметкерлердің адалдық индексін (eNPS) арттыру және еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында Компанияда келесі іс-шараларды қамтитын іс-әрекеттер жоспары жұмысын жалғас­тыруда:

  • Түрлі корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру (тимбилдингтер, конкурстар, квизалар);
  • Samsung-пен серіктестікте қызметкерлердің техника сатып алу жобасы;
  • Лауазымдарды қоса атқарғаны үшін ынталандыру бағдарламасын жетілдіру;
  • «Еркін жұма» және шығармашылық күндер тәжірибесі;
  • «Корпоративтік университет» оқыту жүйесін қайта іске қосу.

2024 жылы компанияда қызметкерлердің еңбегін мойындау бағдарламасы енгізілді, оның шеңберінде жеке және командалық номинациялар бойынша үздік қызметкерлерді таңдау конкурсы өткізіледі. Жұмыскерлер кәсіби қыз­метіндегі жетістіктері үшін бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталады. Жұмыскерлердің кәсіби еңбегінен басқа, еңбегін мойындау бағдарламасы аясында ESG көшбасшысы номинациясы бойынша конкурс өткізіледі. Бұл тәжірибе қызметкерлердің уәждемесін арттыруға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар ESG жобаларын дамытуға және ESG белсенділіктеріне белсенді қатысатын қызметкерлерді көтермелеуге әсер етеді.