Әлеуметтік жауапкершілік және қайырымдылық
«Кселл» АҚ дауыс беретін акцияларының 51%-на ие «Қазақтелеком» АҚ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (ҰӘҚ) тобына кіреді. ҰӘҚ және оның еншілес ұйымдары «Samruk-KazynaTrust» корпоративтік қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетудің бірыңғай саясатын жүзеге асырады.
Samruk-Kazyna Trust – Қазақстан Республикасында қайырымдылық, әлеуметтік маңызы бар бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыратын ҰӘҚ компаниялар тобы жанындағы әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Samruk-Kazyna Trust ҚР Үкіметімен тығыз ынтымақтастықта келесі бағыттар бойынша қайырымдылық жобаларын жүзеге асырады:
- Әлеуметтік және медициналық секторда адамдарға, қоғамдастықтарға көмектесу
- Медиа, мәдени қоғамдастықты және адами әлеуетті дамыту
- Еңбек және ұлтаралық қатынастарды нығайту, қоғамның тұрақты дамуына инвестиция салу
- Өңірлік және бизнес-бастамаларды қолдау
ҰӘҚ тобы әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын бұлжытпай ұстанады, олар: жаңа жұмыс орындарын жасау, қызметкерлерге арналған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, демеушілік және қайырымдылық, экологиялық және білім беру акцияларын өткізу.
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның демеушілік және қайырымдылық қызметі рухани және ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға, мәдениетті, ғылым мен білімді қолдауға, ғылыми-техникалық прогреске жәрдемдесуге, салауатты өмір салтын насихаттауға, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына, аз қамтылған азаматтарға көмек көрсетуге, спортты қолдауға бағытталған.