Ақпаратты ашу
GRI 2-29Компанияның ақпаратты ашу тәжірибесі келесі тәсілдерге негізделген:
- Ақпаратты ашу Қоғамның қолайлы имиджін құруды қамтамасыз етуге арналған, бұл капиталды тартуға, акционерлер мен инвесторлардың сенімін сақтауға, сондай-ақ өндірістік және қаржылық нәтижелерді ұлғайтуға көмектесуі тиіс;
- Ақпаратты ашу жүйесі ішкі құпия ақпаратты толық қорғау шартымен Компания туралы ақпараттың қолжетімділігі қағидаттарын қанағаттандыруы тиіс;
- Ақпаратты ашу Компания туралы жалпыға қолжетімді ақпаратқа еркін және оңай қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;
- Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында және қор биржаларының интернет-ресурстарында ақпаратты ашу заңнамада және биржалардың Листингілік қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;
- Компанияның корпоративтік оқиғалары туралы ақпаратты ашу оның корпоративтік веб-сайтында (www.investors.kcell.kz) қосымша жүзеге асырылады.