Желіні оңтайландыру және жаңа технологияларды енгізу
2024 жылы Kcell компаниясы 5G желісін орналастыру бойынша лицензиялық міндеттемелерін асыра орындап, технологиялық дамудағы көшбасшылығын көрсетті. Компания базалық станциялардың сыйымдылығын елеулі арттырды, бұл байланыс пен абоненттік қызмет көрсету сапасын жақсартты.
2025 жылы Компания желіні дамытуды және жаңа технологияларды енгізуді жалғастырады. 2025 жылға стратегиялық маңызды жобалар жоспарланды: дауыстық қызметтердің сапасын арттыру үшін IMS, VoLTE интеграциясы, 3G және LTE желісін оңтайландыру үшін
5 МГц спектрін қайта жабдықтау, желіні ауқымды оңтайландыру. Сондай-ақ желіні неғұрлым тиімді басқаруға және оның өзгерістеріне жедел ден қоюға мүмкіндік беретін ENI (Ericsson Network Intelligence) платформасын іске қосу жоспарлануда.
Компания өз алдына 5G Standalone желісін белсенді дамыту мақсатын қояды, бұл деректерді берудің жоғары жылдамдығын, төмен кідірістерді қамтамасыз етеді және жаңа технологияларды енгізу мүмкіндіктерін ашады. Осы жұмыс бағыттарын жүзеге асыру пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және Kcell-дің бәсекеге қабілетті орнын одан әрі нығайтуға көмектеседі.