2024 жылғы жылдық есеп Қазіргі заманға арналған жаңа буын желісі

Сатып алу тәжірибесі

GRI 415-1

Сатып алу процестерін басқару «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (бұдан әрі – ҰӘҚ) сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органының нормативтік құжаттарына және Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады. ҰӘҚ электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі сатып алу процестерін басқару құралы болып табылады.

Сатып алуды жүзеге асыру кезінде Компания келесі қағидаттарды басшылыққа алады:

  • шығындарды азайту;
  • қажетті тауарлармен, жұмыстармен және талап етілетін сападағы қызметтермен уақтылы қамтамасыз ету;
  • сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы;
  • қабылданған шешімдерді бақылау және оларға жауапкершілік.
2024 жылы Компанияның сатып алулары туралы негізгі мәліметтер

2024 жылға арналған жоспар

43,2 млрд теңге

Жасалған шарттар саны

1412

Жеткізушілер саны

865

Жасалған шарттар сомасы

40,1 млрд теңге

Сатып алу жоспарын орындау

98,78 %

Үнемдеу

2,3 млрд теңге (5,26 %)

Бәсекелестік тәсілдермен жүргізілген сатып алу үлесі, шарттардың жалпы сомасының %

57,6 %

Сатып алынған тауарлардағы жергілікті қамту үлесі

8,26 %

Сатып алынған жұмыстардағы/қызметтердегі жергілікті қамту үлесі

85,91 %