2024 жылғы жылдық есеп Қазіргі заманға арналған жаңа буын желісі

Акционерлердің жалпы жиналысы

GRI 2-9

Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мыналар жатады:

  • Қоғамның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакцияда бекіту;
  • КБК, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;
  • Қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдау;
  • Қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту немесе қоғамның орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрiн өзгерту туралы шешiм қабылдау;
  • Қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау шарттары мен тәртібін, сондай-ақ оларды өзгертуді айқындау;
  • Қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару туралы шешім қабылдау;
  • бір түрдегі орналастырылған акцияларды басқа түрдегі акцияларға алмастыру туралы шешім қабылдау, мұндай алмастыру шарттарын, мерзімін және тәртібін айқындау;
  • есеп комиссиясының сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
  • Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ Директорлар кеңесі мүшелеріне өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы төлеу және шығыстарды өтеу мөлшері мен шарттарын айқындау;
  • Қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау;
  • Компанияның жылдық қаржылық есебін бекіту;
  • Компанияның есепті қаржы жылындағы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімдер қабылдау және Компанияның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту;
  • тоқсан, жарты жыл қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу туралы, бөлінбеген табысты бөлу туралы шешім қабылдау, Компанияның бір жай акциясына шаққандағы дивидендтер мөлшерін бекіту;
  • Компанияның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлемеу туралы шешім қабылдау;
  • Компания акцияларының ерікті делистингі туралы шешім қабылдау;
  • Компанияға тиесілі барлық активтердің 25 (жиырма бес) және одан да көп пайызын құрайтын сомадағы активтердің бір немесе бірнеше бөлігін беру (алу) арқылы Компанияның өзге де заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы не өзге де заңды тұлғалардың қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығуы туралы шешім қабылдау;
  • Акционерлердің жалпы жиналысын шақыру туралы Компанияның акционерлерге хабарлама беру нысанын айқындау;
  • Компания акцияларды Заңға сәйкес ұйымдастырылмаған нарықта сатып алған жағдайда олардың құнын белгілеу әдістемесіне өзгерістерді бекіту (егер оны құрылтай жиналысы бекітпесе, әдістемені бекіту);
  • Жалпы жиналыстың күн тәртібін бекіту;
  • акционерлерге, егер мұндай тәртіп қоғамның жарғысында айқындалмаса, қоғам қызметі туралы ақпарат беру тәртібін айқындау;
  • «алтын акцияны» енгізу және оның күшін жою;
  • нәтижесінде Қоғам активтері баланстық құнының жалпы мөлшерінің 50 (елу) және одан көп пайызы сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын (сатып алынуы немесе иелiктен шығарылуы мүмкiн) мәміле туралы шешімді қабылдау күніне құны оның активтері баланстық құнының жалпы мөлшерінің 50 (елу) және одан көп пайызын құрайтын мүлікті нәтижесінде Қоғам сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) ірі мәмілені Қоғамның жасасуы туралы шешім қабылдауы;
  • Компанияның дивидендтік саясатын бекіту;
  • олар бойынша шешім қабылдау Заңмен және (немесе) Жарғымен Жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер.

Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі барлық акционерлерге Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқықтарын жүзеге асыруға тең мүмкіндік береді. Акционерлер жеке өзі немесе қатысуынсыз дауыс бере алады (үшінші тұлғаға берілген сенімхат бо­йынша). Акционерлердің жалпы жиналысының жұмыс регламенті ақылға қонымды жеткіліктілікке және күн тәртібіндегі мәселелерді кеңінен талқылау және олар бойынша орынды шешімдер қабылдау мүмкіндігіне негізделген.