2024 жылғы жылдық есеп Қазіргі заманға арналған жаңа буын желісі

Суды тұтыну

GRI 303-1GRI 303-5

Компанияның қызметі су алуға айтарлықтай әсер етпейді, дегенмен біз суды ұтымды пайдалануға тырысамыз. Суды тұтыну бірқалыпты қарқынмен өсуде және тұрақты пайдалану динамикасын көрсетеді.

Компанияның бөлімшелері телекоммуникация қызметтерін көрсетудің өндірістік процесінде суды қайта пайдаланбайды. Компания суды тек санитарлық-тұрмыс­тық және шаруашылық қажеттіліктерге пайдаланады. Тұтынылатын суды есепке алу аспаптары орнатылған, олар жақсы техникалық жағдайда ұсталады.