Ішкі бақылау жүйесі
Компанияда ішкі бақылаудың мақсаттары мен міндеттерін, ішкі бақылау жүйесінің (ІБЖ) құрылымын, сондай-ақ ішкі бақылауды жүзеге асыру қағидаттарын айқындайтын «Кселл» АҚ Ішкі бақылау саясаты қолданылады. Осы саясатқа сәйкес «Кселл» АҚ ішкі бақылау жүйесін басқару жөніндегі қағидалар әзірленді, олар ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі мақсаттарын, міндеттері мен жауапкершілік аймақтарын айқындайды. Қағидалар COSO ұсынымдарына және тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау саласындағы өзге де үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкес әзірленді.
«Кселл» АҚ ішкі бақылау жүйесінің үлгісі өзара байланысты бес компоненттен тұрады: бақылау ортасы, тәуекелдерді бағалау, бақылау рәсімдері, ақпарат, коммуникациялар және мониторинг. ІБЖ үлгісі 1-суретте келтірілген. ІБЖ тиімділігін қамтамасыз ету үшін барлық бес компонент айқындалып, Компания қызметінде өзінің іс жүзінде қолданылуын табуы тиіс.
Компанияның ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуі шеңберінде жауапты құрылымдық бөлімше бизнес-процестер жіктегішін әзірлеуді жүзеге асыруды және, қажет болған кезде, оны өзектендіруді, елеулі бизнес-процестерді айқындауды, бақылау рәсімдерін құжаттандыруды қамтамасыз етеді. Бұдан әрі бизнес-процестердің тәуекелдерін сәйкестендіру, процестік тәуекелдер бойынша бақылау рәсімдерін әзірлеу, тестілеу арқылы олардың дизайны мен операциялық нәтижелілігінің тиімділігін бағалау жүзеге асырылады.
Жауапты құрылымдық бөлімше бақылау рәсімдерінің тиімділігін тестілеудің жыл сайынғы жоспарларын бекітеді. Компанияда тәуекелдер мен бақылаулар матрицалары, оның ішінде қоймалық, салық есебі, шығыс, кіріс төлемдер есебі, сатып алу матрицалары, сондай-ақ ішкі бақылау жүйесі бойынша іс-шаралар жоспары әзірленген.