2024 жылғы жылдық есеп Қазіргі заманға арналған жаңа буын желісі

Макроэкономикалық жағдайлар

ЖІӨ динамикасы, кезеңдегі трлн теңге
ЖІӨ динамикасы, кезеңдегі трлн теңге
Дереккөз: ҚР СЖ және РА ҰСБ

Қазақстанның 2024 жылғы атаулы ЖІӨ көлемі 134,25 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 11,4%-ға жоғары. Нақты көріністе ЖІӨ өсімі 4,8%-ды құрады.

Ең жоғары өсім ауыл шаруашылығында (+13,3%), құрылыста (+13,1%) және саудада (+8,8%) байқалды. Бұл ретте тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемінің 0,3%-ға төмендеуі байқалады.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі, кезеңдегі трлн теңге
Өнеркәсіптік өндіріс көлемі, кезеңдегі трлн теңге
Дереккөз: ҚР СЖ және РА ҰСБ

2024 жылы өнеркәсіптік өндіріс 50,1 трлн теңгені, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде 22,2 трлн теңгені, өңдеу өнеркәсібінде 24,5 трлн теңгені құрады. Өнеркәсіптік өндірістің өсімі нақты көріністе 2,8%-ды құрады, бұл ретте тау-кен өндіру өнеркәсібінде 0,2%-ға төмендеу, өңдеу өнеркәсібінде 5,9%-ға өсім байқалды.

Тауарлар экспорты мен импорты, кезеңдегі млрд долл.
Тауарлар экспорты мен импорты, кезеңдегі млрд долл.
Дереккөз: ҚР ҰБ

Қазақстанның экспорты 80,3 млрд доллардан 80,1 млрд долларға дейін төмендеді, бұл көбінесе әлемдік шикізат нарықтарындағы жағдайдың нашарлауы салдарынан болды. Импорт 60,4 млрд доллардан 61,2 млрд долларға дейін өсті. Экспорт төмендегенде импорттың өсуі сауда балансының оң сальдосының 20,2 млрд доллардан 18,9 млрд долларға дейін төмендеуіне әкелді.

Орташа айлық номиналды еңбекақы, мың теңге
Орташа айлық номиналды еңбекақы, мың теңге
Дереккөз: ҚР СЖ және РА ҰСБ

Орташа айлық еңбекақы 2023 жылғы 360,8 мың теңгеден 2024 жылы 402,6 мың теңгеге дейін өсті. Орташа еңбекақының нақты өсімі өткен жылғы 2,3%-ға қарсы 2,7%-ды құрады.

Тұтынушылық инфляция, % жылдан жылға
Тұтынушылық инфляция,  % жылдан жылға
Дереккөз: ҚР СЖ және РА ҰСБ

2024 жылы тұтынушылық инфляция қарқыны өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді: 2024 жылғы қаңтар-желтоқсандағы ТБИ өткен жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 2023 жылдың ұқсас кезеңіндегі 114,5%-ға қарсы 108,7%-ды құрады.

Азық-түлік тауарлардың бағасы 6,0%-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 7,9%-ға, ақылы қызметтердің бағасы – 13,5%-ға өсті.